Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Діни рәсімдерді бірізділікке салу

Шымкент. 18 сәуір. Мақтарал ауданының әкімдігінде ақылдастар алқасы бас қосты. Алқа жұмысының негізгі бағыты — діни рәсімдерді бірізділікке салу, деп хабарлайды Ontustik.

Діни басқосуға имамдар , зиялы қауым өкілдері мен ауыл жастары қатысты. Онда жастар тәрбиесі,  діни рәсімдер мен жоралғыларды жүргізу барысында ысырапшылдыққа жол бермеу жағы талқыланды.Діни рәсімдерді бірізділікке салуды насихаттау туралы айтылды.

Басқосуға   жиналғандар  бұл мәселе ең әуелі ұрпақ тәрбиесі үшін маңызды екенін атап өтті. Зиялылар салт-дәстүр мен діни рәсімдердің аражігін ажырату бағытындағы жұмыстардың баяу екенін алға тартты. Оны жетілдірудің жолдарын талқылады.

Басқосу барысында діни экстремизм көріністерінің алдын алу, терроризм қатерлеріне жол бермеу мәселелері де қозғалды. Ислам дінінің негізгі қағидаттары түсіндірілді. Шариғат бекіткен діни рәсімдер мен салт-дәстүрлерді ғана сақтау болашақтың айқын жолы болмақ.

С.Құттыбайұлы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *