Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Экстремизм және терроризм бабымен сотталғандар түзеліп келеді

Павлодар 5 мамыр. Павлодар қаласындағы көркемсурет мұражайында сотталған азаматтардың қылқалам туындыларының көрмесі ашылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл шара біздің өңірде ғана емес, республикада алғашқы рет өткізіліп отыр. Эсктремизм мен терроризм бойынша істі болғандар Ұлыстың ұлы күні әз-Наурыз, Рухани жаңғыру сынды тақырыптарда салған 25 суретін ұсынды.

Бүгінде Павлодар облысындағы түзету мекемелерінде Қылмыстық кодекстің 256 бабы бойынша жазасын өтеп жатқан 87 азамат бар. Бұл террористік немесе экстремистік әрекетті қаржыландыру және өзге де демеушілік бабы бойынша істі болғандар. Олардың түсінігінше, дәстүрлі өнерге дінмен тыйым салынған.

ДӘУЛЕТ ЗАКАРИЯНОВ, облыстық дін істері басқармасының басшысы

Сурет салу, домбыра тарту, өлең айту, өзіміздің дәстүрлі құндылықтарымызды қабылдамау деген ой, сезімдер қалыптасып қалған

Дін істері басқармасы теріс діни ағымдарға елтіп, қылмыс жасап, темір торға тоғытылғандарды оңалту ісіне ден қойған. Жазасын өтеушілермен психолог, теолог мамандар және имамдар ұдайы жұмыс істейді.

НҰРЛАН ҚАЙЫРБЕКОВ, Павлодар қалалық «Ақмешіт» мешітінің имамы

оқыған, жоғары білім алған, білімді имамдарымыз сол түзету мекемелеріне барып, кездесу жасап, оларға сабақ береді. Сұрақтарға жауап береді. Ислам құндылықтарын түсіндіреді. Араб тілден аударып, түсіндіреміз. Себебі олар егер де сіз Құран мен сүннет бойынша үлкен ғалымдардың ислам бойынша еңбектерін көрсетіп, ашып, оқып, сабақ беретін болсаңдар, онда олар тыңдайды.

Тарихымыз бен дәстүрімізді мойындамайтын, діни сауаты аз бұл азаматтарды оңалту үшін арнайы көрме ұйымдастырылды. Оған терроризм мен экстремизм бойынша істі болғандардың 25 туындысы қойылды. Дін істері басқармасының мамандары аталмыш шараны ұйымдастыру үшін 5 жыл жұмсалғанын айтады. Сотталғандармен көп жұмыс жасауға тура келген.

ЗАЙДА АСАНБАЕВА, облыстық Дін істері басқармасы жанындағыконфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығының ақпараттық-түсіндіру бөлімінің жетекшісі

Көрмедегі суреттерге назар аударатын болсақ, өздеріңіз көріп отырсыздар, Конституция күнімен, рухани жаңғыру деген, ойын-тойлардағы домбыра ойнаған, Наурыз, туған күніңізбен, т.б, өз көзқарастарын көрсетіп жатыр. Өте қуаныштымыз. Неге? Себебі бостандықтарынан діни экстремизм мен терроризмнен айрйлып отырған азаматтардың санасында бір жақсы бағытқа өзгеріс бар деген белгі

Мұндай шаралар психологиялық, идеологиялық кедергілерді жоюға септігін тигізеді,- дейді мамандар. Осының арқасында азаматтар дәстүрлі жолымызға қайтып келетініне сенім бар. Анықталғандай, Павлодар облысында екі жат діни ағым бар. Біріншісі саляфизм, уахабизм болса, екіншісі такфиризм. Дін мамандары осы ағымдағы жастар бір-бірімен орысша сөйлейтінін жеткізді.

Салтанат НЫСАНБЕК 

Ақпарат көзі: Ertis

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *