Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

ШЫҰ мен Орталық Азия елдерінің әріптестігі

Астана. 11 мамыр. Шанхай ынтымақтастық ұйымы Орталық Азия кеңістігіндегі бейбітшілік пен тұрақтылық және аймақтың экономикалық дамуына сүбелі үлес қосып келеді. Елордада бас қосқан халықаралық ұйымға мүше елдердегі ғылыми зерттеу орталықтары өкілдерінің пікірі осыған саяды. Ұйымға мүше мемлекеттердің өзара тығыз қарым-қатынасының арқасында діни экстремизм және сепаратизммен жұмыла күрес өз жемісін беруде. Шанхай ынтымақтастығы ұйымының аясында аймақтық антитеррористік құрылым және Ауған мәселесін шешуге қатысты арнайы жұмыс тобы құрылған.

ХУДОБЕРДИ ХОЛИКНАЗАР, ТӘЖІКСТАН ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

– Шанхай ынтымақтастығы ұйымының аясында терроризм мен экстремизмге қарсы күрес құрылымы жұмыс істейді. Оның штаб-пәтері Ташкент қаласында орналасқан. 2005 жылы құрылған орталық өзінің тиімділігімен танылып келеді. Өңірдегі қауіпсіздік мәселесі лайықты деңгейде шешіліп жатыр. Осы текті құрылымдардың арқасында біздің аймақтың соңғы 20 жыл бойы даму қарқыны еселеніп,  экономикалық және саяси қарым-қатынасы беки түсуде.

Бүгінгі таңда Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдер экономикалық салалардағы әріптестікті нығайта түсуге басымдық береді. Сарапшылардың пайымдауынша, көптеген қаржылық мәселелер мен сұрақтардың басын қайыру үшін ұйым аясында экономикалық орталықтың ашылуы сеп болған. Бұл 3 жыл бұрын Қазақстандық тарап ұсынған бастама болатын. Ендігі кезекте сараптамалық орталық құру жағы көтерілмек. Бұл мәселе алдағы маусым айының 9-10 күндері Циндаода өтетін ШЫҰ-ның мемлекет басшыларының кеңесінде талқыланатын болады. Орталықты Қазақстанда орналастыру жоспарлануда.

СЕРІК БЕЙСЕМБАЕВ, ӘЛЕМДІК ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ САЯСАТ ИНСТИТУТЫНЫҢ САРАПШЫСЫ:

 — Еуразиялық экономикалық одақ, Шанхай ынтымақтастық ұйымы мен Орталық Азия төңірегіндегі интеграциялық үрдістер экономикалық тұрғыда бірігуді көздейді. Бұл Қазақстанның ұстанған басым бағыттарының бірі. Бұл өңірдің жалпы дамуы үшін жасалынып жатыр. Соңғы бірнеше жылдың ішінде аталған жан-жақты әріптестік өзінің тиімділігін көрсетіп келеді. Осындай ынтымақтастықтың арқасында Қазақстан-Қытай-Ресей мен Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттерінің өзара байланысы жандана түсті.

Сарапшылардың пікірінше, Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясында Қытаймен әріптестік орнату Орталық Азия елдерінің тауар айналымын ұлғайтып, инвестициялық әлеуетін арттыра түсуге сеп болмақ. Бұл орайда Бейжің өңірде еркін сауда аймағын құруды ұсынып отыр.

Ақпарат көзі: Kazakh TV

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *