Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ресей Интерпол арқылы 28 тәжік азаматын іздеп жатыр

Мәскеу. 24 мамыр. Ресей билігі “экстремизм мен терроризмге қатысы бар” деген күдікпен Интерпол арқылы 28 Тәжістан азаматын іздестіріп жатыр деп хабарлайды Азаттықтың тәжік қызметі. Олардың көбіне “террорлық шабуыл дайындауға қатысты”, Сириядағы қақтығыс аймағына адамдарды тартты, тыйым салынған діни ағымдардың идеяларын таратты деген айыптар тағылған.

Жақында Интерпол тізімінде Рудаки ауданының 32 жастағы тұрғыны Әбушахид Тұрсыновтың есімі пайда болды. Тергеу органдарының айтуынша, 2014 жылы ол Ресейден Сирияға барған.

Тәжікстанның тергеу органдарындағы белгісіз ақпарат көзі 22 мамырда Азаттықтың тәжік редакциясына Әбушахид Тұрсыновқа өз елінде 2015 жылы ел президенті Эмомали Рахмонға шабуыл ұйымдастырды деген айып тағылғанын айтқан. Бұл қылмыстық іс бойынша тағы екі азамат сотталған.

Тәжікстан билігінің дерегінше, “экстремизм және терроризмге қатысы бар” мыңнан астам тәжік азаматына Интерпол арқылы іздеу жарияланған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *