Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Бас мүфти ресейлік әріптесімен кездесті

Мәскеу. 29 мамыр. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз бастаған делегация Ресей Федерациясына ресми сапармен барды. Онда еліміздің бас мүфтиі өзінің әріптесі, яғни, көрші ел мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Равиль Гайнутдинмен кездесті. Басқосу барысында рухани-мәдени және діни саладағы әріптестік жайы сөз болды. Діни басқармалар арасындағы байланыстың уақыт өткен сайын беки түскені де тілге тиек етілді.

Сондай-ақ, біздің елдің бастамасымен наурыз айында өткен Еуразия мұсылман ғұламаларының форумы жайлы әңгіме қозғалды. «Бұл халықаралық шара аймақтағы дін қайраткерлерін ортақ мақсатқа үндеді»,-деді Серікбай қажы Ораз.

Сонымен қатар, тараптар игі істерді бірлесіп атқаруға, діни радикализм мен экстремизмнің алдын алуға және бұл саладағы күрделі мәселелерге қатысты ортақ ой-пікірде болуға уағдаласты. Ресми кездесуден кейін Серікбай қажы Ораз Ресейдің ең үлкен мешітінде Рамазан айының қадір-қасиеті мен мұсылман үмбетінің бірлігі жайлы уағыз айтты.

Ақпарат көзі: Qazaqstan

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *