Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Оралда әскерилерге діни экстремизмнің алдын алу мақсатында түсіндіру шарасы өтті

Орал, 1 маусым. Оралда Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің 2016-2018 жылдарға арналған заң бұзушылықтардың алдын-алу жоспары шеңберінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Гвардиясы «Батыс» аймақтық қолбасшылығының 5517 әскери бөлімі арнайы шара өткізді. Кездесу «Қазіргі қоғамдағы діннің рөлі және әскери ортадағы діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» атты тақырыпта өтті.

Шараға Орал гарнизонының әскери прокуратура өкілдері, Батыс аймақтық әскери прокуротурасы, Батыс аймақтық әскери бөлімі, Батыс аймақтық қолбасшылығының әскери полиция басқармасы, Батыс Қазақстан облысының дін істері департаментінің ақпараттық-талдау орталығының дінтанушылары, БҚО «Батыс» әскери қызметкерлері және 5517 әскери бөлімі қатысты.

Кездесудің негізгі мақсаты – әскери ортадағы діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу және әскерилер арасында діни сауатты арттыру.

Шара барысында әскерилер елдегі діни ахуал туралы сөз қозғады, ақпарат алды.

«Діни сауатсыздықтың салдарынан өскелең адасып жатыр. Сондықтан жастардың діни сауатын ашып, үнемі түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отыру қажет», – дейді сержант Ильяс Асельеев.

БҚО Дін істері басқармасы ақпараттық-талдау орталығының дінтанушысы Әбдірасул Әбдірашит тыңдаушылардың ішкі тұрақтылығы мен рухани құндығының нығаюына назар аударуды ұсынды. Ол сондай-ақ уахабизмді насихаттайтын сайттардың көп екенін айтып, дәстүрлі діни сауат ашу үшін мына сайттарды ғана оқуға кеңес берді. Олар:  e-islam.kz, din.gov.kz, muftiat.kz, azan.kz.

ҚР Ұлттық Гвардиясы «Батыс» аймақтың әскери полиция басқармасының аға офицері, подполковник Сергей Басс және Орал гарнизонының әскери прокуроры әскерилерге экстремистік ұйымдардың адамдарды ақшамен және түрлі жолдармен азғындайтынын да айта кетті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *