Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Дін мәселелері жөніндегі республикалық топ Алматы қаласында профилактикалық жұмыстар жүргізді

Алматы. 7 маусым. Ағымдағы жылдың 4-6 маусым күндері Дін мәселелері жөніндегі республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы Алматы қаласында бірқатар профилактикалық шаралар өткізді, деп хабарлайды Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің баспасөз қызметі.

Топ құрамында білікті теологтар, дінтанушылар, психологтар, мемлекеттік органдардың, ғылыми, сарапшылық қоғамдастықтардың және мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері жұмыс істейді.

Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының өкілдері қала мешіттерінің жамағатымен кездесті.

Сонымен бір мезгілде қаланың дін тұтынатын әйел тұрғындарының арасында түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды. Айталық, теологтар және дінтанушылардың қатысуымен қайырымдылық мекемелерінің тәрбиеленушілері, базарлардың, сауда үйлерінің әкімшілігі мен сатушыларымен кездесулер өткізілді.

Сондай-ақ деструктивті діни ағымдарды ұстанатын адамдармен және олардың отбасы мүшелерімен атаулы, жеке кездесулер жүргізілді.

Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы жұмысының аясында әйел жамағаты өкілдері үшін психологиялық — дін танушылық консультациялар ұйымдастырылды.

Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің қызметшілері үшін семинар ұйымдастырылды, сондай-ақ қаланың түзеу мекемелерінде діни экстремизм және терроризм үшін сотталғандармен кездесулер болды.

Жалпы профилактикалық және жеке кездесулер барысында республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері дін саласын реттейтін қолданыстағы заңнамаларға енгізілетін түзетулер мен өзгерістерді түсіндіруге ерекше назар аударды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *