Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Дін мәселелері жөніндегі республикалық топ Ақмола облысында профилактикалық жұмыстар жүргізуде

Астана. 13 маусым. Ағымдағы жылдың 11-12 маусым күндері Дін мәселелері жөніндегі республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды.

Топ құрамына Дін істері жөніндегі комитеттің Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы діни бірлестіктерді зерттеу бөлімінің басшысы Новикова Галина, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ дінтану кафедрасының оқытушысы Шағырбаев Алмасбек және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының насихат және қоғамдастықпен байланыс бөлімінің теологы Әділбеков Хамзат кірді.

Түсіндіру тобының өкілдері діни бірлестіктер өкілдері, мемлекеттік қызметшілер және құқық қорғау органдарының қызметшілері арасында дін саласын реттейтін қолданыстағы заңнамаларға енгізілетін түзетулер мен өзгерістерді түсіндіру бойынша маңызды жұмыстар жүргізді. Кездесулер барысында қатысушылар елдің дін саласындағы қолданыстағы заңнамаға енгізілетін түзетулерді қолдады.

Топтың теологы Әділбеков Хамзат Көкшетау қаласы мешіттерінің имамдары мен жамағатымен кездесті.

Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Новикова Галина Көкшетау қаласының протестанттық бағыттағы діни қауымының діни ғимараттарында болып, шіркеулердің қызметшілері және діни қауым мүшелерімен кездесулер өткізді.

Сонымен қатар, облыстың түзеу мекемелеріндегі деструктивті діни ағымды ұстанушылармен, оның ішінде діни экстремизм және терроризм үшін сотталған азаматтармен жеке, ұжымдық кездесулер өткізілді.

Ақпарат көзі: ДІМЖҒЗТО

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *