Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Теолог мамандар Қарабау ауылының тұрғындарымен кездесті

Карабау. 15 маусым. Қазіргі күнде шешімін таппаған жекелеген мәселелерге қарамастан, елімізде дін саласына қатысы бар мемлекеттік органдардың жұмыстары жүйелі деңгейде жолға қойылғаны туралы толық сеніммен айтуға болады. 2011 жылғы мамыр айында Дін істері агенттігі құрылып, сол жылдың қазан айында «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Дін мәселелерімен айналысатын арнайы уәкілетті орган құрылып, дін саласын реттейтін жаңа заң күшіне енгеннен бергі уақыт ішінде көптеген жұмыстар атқарылды.

Бұл, діни экстремизм мен терроризм алдын алуға бағытталған жұмыстардың жүйеге қойылып отырғанын көрсетеді.

Қазығұрт ауданы, Қарабау ауылдық округінде орналасқан «Қарабау» ЖШС-де «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» және «Отбасы құндылықтарын сақтау» тақырыптарында жиын болып өтті. Әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу қызметі секторының ұйымдастыруымен өткен кездесуге мекеме қызметкерлері, мектеп мұғалімдері, мешіт жамағаттары мен ауыл тұрғындары қатысты. Теолог мамын Б.Мәлік, аудандық ақпараттық насихаттық топ мүшелері М.Ысқақаов, Д.Уразбаев діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды айтып өтіп, керағар діни ағымдардың қоғамға зияндылығын түсіндірді.

Ақпарат көзі: RG Media

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *