Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Өзбекстанда ұсталған АҚШ азаматы «терроризм» күдігіне ілінді

Ташкент, 20 маусым. Өзбекстанның Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі АҚШ азаматы Зокир Әлиевтің не себепті ұсталғаны туралы ақпарат таратты. Ресми мәлімет бойынша, Зокир Әлиев бұған дейін «Өзбекстан ислам қозғалысы» ұйымына қатысы бар деген күдікпен іздеуде болған. Бұл ұйымды бірқатар ел террорлық ұйым деп таныған.

«Тұтқындалған кезінде Зокир Әлиев заңсыз әрекетпен айналысқанын мойындады. Атап айтқанда, ол 2000 жылы «Өзбекстан ислам қозғалысына» адал болуға ант берген, Ауғанстанда әскери дайындықтан өткен. Ауғанстан үкіметі мен коалиця күштеріне қарсы соғысқан. 2005 жылы оған қарсы қылмыстық іс қозғалған» делінген арнайы қызмет мәлімдемесінде.

Қазір Зокир Әлиевті қамауда ұстау жайы қаралып жатыр.

Парижде орналасқан Fiery Hearts адам құқықтарын қорғау ассоциациясы бұған дейін 46 жастағы Өзбекстан тумасы Зокир Әлиевті 16 маусымда арнайы қызмет ұстағанын хабарлаған еді. Зокир Әлиевті полиция ол Өзбекстанның оңтүстігіндегі Қашқадария облысына қарасты өзі туып-өскен Карши қаласына барғаннан бір сағаттан соң ұстаған.

Әлиевтің туыстарын көрмегеніне көп жыл болған. Ол президент Шавкат Мирзияев былтыр 1991 жылдан кейін елден кеткен өзбектерді елге қайта оралуға шақырған соң туыстарына барып қайтпақ болған.

Fiery Hearts ұйымының мәліметінше, Зокир Әлиев Өзбекстанға заңды жолмен, яғни туыстарының шақыртуымен АҚШ-тағы Өзбекстан елшілігінен 90 күндік виза алып барған. Өзбекстаннан 25 жыл бұрын кетіп қалған Алиев АҚШ-та жекеменшік такси компаниясында жұмыс істейді.

Ақпарат көзі: Радио Азаттық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *