Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Діни алауыздыққа жол жоқ

Қызылорда. 25 маусым. Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер» туралы Заңының талаптары жайлы, сондай-ақ ҚР Дін тұжырымдамасы мен діни экстремизм және терроризмге қарсы іс-қимылды жетілдіруге бағытталған мемлекеттік бағдарламасын толық ақпараттандыру мақсатында кент әкімшілігінің мәжіліс залындакент, ауылдық округ әкімдері мен мекеме қызметкерлерінің қатысуымен семинар өтті.

Жиында «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» директоры Бақытжан Камалов, облыстық ішкі саясат басқармасының діни бірлестіктермен жұмыс жасау бөлімінің басшысы Ерсұлтан Есов, облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының бас маманы Ғабдулла Ибрагимов семинар барысындағы мәселеге байланысты баяндама жасады. Сондай-ақ, жиынға қатысушылардың көкейінде жүрген сауалдарына жауап беріп, ұсыныс-пікірлерімен бөлісті.

– 2011 жылдың 11 қазанында №483-IV «Діни қызмет пен діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Мақсаты – құқықтық реттеу арқылы негізгі діни бірлестіктерді және жеке тұлғалардың діни қызметін біріктіріп ҚР заңнамаларын жетілдіру. Діндегі теріс ағым бүгінгі өзекті мәселелердің бірі. Себебі, дін жастар идеологиясына әсер ететін белсенді күш, – деді облыстық ішкі саясат басқармасының діни бірлестіктермен жұмыс жасау бөлімінің басшысы Ерсұлтан Есов.

Айнұр ӘЛИ

Ақпарат көзі: Қармақшы таңы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *