Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Радикализм құрсауында

АСТАНА. 14 тамыз. Павлодар облысының қалалары мен аудан имамдары республикамыздың әйгілі теологтарымен арнайы өткізілген діни экстремизм мен терроризмге қарсы әрекет жасау және  олардың алдын алу туралы оқу семинарында өздерінің практикалық білімдерің күшейтті.Қазіргі кезде сәләфит ағымының ең көп таралуы Екібастұзда байқалады.Дінтанушылар болса әртүрлі ағымдарға түскен адамдардың бетің қайтару жылдан жылға күрделі болып баратынын мәлімдеген,сондықтан қазірден бастан бұнын алдын алуға көп көңіл бөлуіміз қажет.

Павлодар облысының дін істері басқармасының конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы Павлодар өңірінің имамдарының діни экстремизм мен терроризмге қарсы әрекет жасау және  олардың алдын алу туралы білім деңгейін арттыруға арналған шараларды бірінші өткізгені емес. Мамандар радикалдармен,бейбіт халықпен,сонын ішінде жас буынмен жұмыс жасаудың тиімділігі дін басы өкілдерінің  жоғары біліктілігіне тікелей байланысты екеніне сенімді. Достық үйінде өткен «Діни экстремизмге қарсы әрекет жасаудың алдыңғы қатарлы тәжірибелер» атты оқу семинарына 120-дан астам адам қатысты,олардың ішінде мемлекеттік және құқық қорғау қызметкерлері болды. Іс-шараның басты спикерлары теолог-сарапшы, «Пікір» діндерді қолданбалы зерттеулер орталығының директоры Асқар Сабдин мен «Әл Машани» мешітінің бас имамы, РАТТ (республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы) мүшесі,теолог Қабылбек Жұмабеков сөз алды.

Кездесу барысында танымал дінтанушылар радикалдармен теологиялық жолмен күресу туралы баяндады. Асқар Сабдин өз бағдарламасын зерттеп дайындады, онда діни радикалдардын түсінігін өзгертудің дұрыс жүйелігі баяндалған. Бұл тәсіл кәдімгі медициналық емдеуге ұқсас. Алдымен сарапшылар сауалнама мен жауап алу арқылы адамды диагностикадан өткізіп, оның көзқарасының дәстүрлі доктринадан қаншалықты айқын айырмашылығы бар екенін анықтайды.Кейін «емделушінің» Қоран хадистерің білуін тексереді, сонымен қатар оның жақында ұстанған ой-пікірінің қанағаттанғысыздығын көрсетеді.

— Біздің мақсат – радикалды діни идеологияны қолдаушылар мен деструктивті ағым ізбасарларымен ең тиімді жұмыс жасау тәсілін көрсетіп уйрету. Бүгін біз теологиялық тәсілдер туралы айтамыз, демек діни тұрғысынан қарағанда рухани тұлғаларды бұл адамдардын ой-пікірлеріне қарсы дәлел мен қарсы дәйектеме келтіруді, олардың көзқарасын сауатты түрде жоққа шығыруды, демек сынға алмай, керісінше сыпайы түрде ықпал көрсету уйретеміз,- деп Асқар Сабдин баяндады.

Алайда теологиялық тәсіл экстремисттердің тұзағына түскендерді толығымен азат ете алмайды.Сондықтан да елімізде алдын алу шараларын жандандырып жатыр.

Адамды теріс жолдан тайдыру өте оңай іс емес, сондықтан да біздің теологиялық ықпалымыз бұл тек қана 20 пайыз тиімділікпен шектеледі.Құқықтық,психологиялық тәсілдер де бар. Бір жүйеде бұнын бәрі небір ықпал тигізеді. Біз болған істің нәтижесімен күресуіміз керек емес, керісінше оның алдын алуымыз керек, -делінген.

Адамдарды тура жолдан тайдыратын себептер өте көп дейді мамандар. Бұлардың ішінде адамның орнықсыз психологиялық жағдайы, отбасылық-тұрмыстық араздықтар, ислам туралы теріс түсінігі бар орта және де материалдық қауқарсыздық. Соңғысы еңбек жағдайының тең шарттарының жоқтығы, экономикалық теңсіздік, осылардың бәрі қоғамның,әсіресе жастардың, үкіметке деген агрессиялық көңіл күйін туғызады.

Екібастұз мешітінің имамы Бауыржан Отарбаевтың ақпараты бойынша, шахтер мен энергетиктер қаласында сәләфизмнің тез таралуына кеңес уақытынан кейінгі нағыз ислам туралы баяндайтын сапалы оқу материалдарының жоқтығы себеп болды.

Бұл семинарлар біріншіден толық діни білімі жоқ ауыл имамдарына пайдасын көп тигізеді.Олар үшін бұл ақпарат үлкен демеу болады. Сәләфизм ұстанушылары Екібастұзда неге көп?Мен орыс тілін білгендіктен мені сонда жіберді.Екібастұз тұрғындарының көбі казақ тілін түсінбейді,сондықтан олар Сауд Арабиясында оқып келген Ресейдің уағыздаушыларын тыңдап жүрген. 90-жылдары ислам жайлы нағыз жақсы кітаптардың саны аз болған. Сауд Арабиясы аудармаларға қомақты қаржы құйған.КСРО ыдыраған кезде көптеген оқу материалдар сол жақтан келген.Араб басылымдары қыз-жігіттерді өз қарапайымдылығымен қызықтырады.Хадис бар – соны қолдан. Бұл талқылап,ойланатын адамдарға өте қолайлы. Осыдан адасу да пайда болады.Ешкашан да ұмытпау керек, ислам – бейбітшілік діні,ол зорлық-зомбылықты насихаттамайды,керісінше төзімділік пен кешірімге шақырады,- деді Бауыржан Отарбаев.

Қазіргі заманда ғаламтордан өте үлкен қауіп төніп тұр. Жастар «электронды имамдар мен мүфтилермен» тілдесіп экстремизм мен терроризм жайлы басты ақпаратты ғаламтордан алады. Қазіргі кезде әлеуметтік желілер радикалды контентке қарсы тұра алмайды дейді мамандар.Әсіресе экраннын арғы жағында психикасы толық қатаймаған және нақты өмір ұстанымы жоқ жас бала болса. Осылай Павлодарда алғашқы рет ұлтаралық алауыздық пен экстремизмға шақырғаны үшін екі бойжеткен қыз сотталды.Семинар қатысушыларына олардың өмірі жайлы фильм көрсетілді. Сотталушылар өмірлерінің қиын кезеніңде ғаламтордан көмек пен қолдау іздеп, Қазақстан территориясындағы бөтен діндегілерді қарумен құртуға шақырған діни секталардың ұстанушылардың қармағына түскен.ҰҚК қызметкерлерінің көз аясына түспегенше бойжеткендер әлеуметтік желідегі жеке парақшаларында үгіттеу жұмыстарын жүргізген. Өкінішке орай, кей таныстары Сирияға кетіп үлгерген. Казір бойжеткендер бес жылдық мерзім жазасын өтеп,оңалтудан өтіп әдеттегі өмірге қайтып келеді.

Бұл дін емес, ислам емес, саған қол ұшын созғандай болып көрінгендей болса да,бәрі олай емес,бұның бәрі бейбіт азаматтарға қарсы жасалған саясат,- деген тұжырымға жаза кесілгендердің бірі Раушан Иляева келді.

Шара аяғында бүкіл қатысушылар,сонын ішінде имамдар да сертификаттарға ие болды.Жақын уақытта дін басылары қарауындағы аумақта адамдардың диструктивты топтарға қосылмаудың алдын алу ақпараттық-насихаттау жұмысына кіріседі.

Айдана ЕРТАЙ

Дереккөз: «Звезда Прииртышья»

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *