Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Қажетті ақпарат! Деструктивті діни ағымдардың белгілері

1. Діннің ерекшелігі туралы идеялар мен діни догмалар;

2. Зайырлы тәртіпті, сонын ішінде заң, билік және басқару органдарын терістейтін ұйғарымдардың болуы;

3 Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қауіпсіздігіне,өмірі мен денсаулығына қауіп-қатер туғызатын,діни өшпенділік пен алауыздықты тұтататын ұйғарымдардың болуы;

4. Діни догмаларының ғылими баян етуін жоққа шығару, «мазхабтарды» (исламдағы діни мектептер) мойындамауы, сонын ішінде Орталық Азия мұсылмандарына дәстүрлі Әбу Ханифа мазхабын қабылдамауы;

5. Адамдарды діншілдер, діннен безгендер немесе адасқандар деп бөлу;

6. Ұлттық дәстүр мен салтты мойындамау, әдет-ғұрыптан үзілді-кесілді бас тарту;

7. Діншілердің мәдени-бұқаралық іс-шараларға қатысуын, теледидарды , әсіресе ойын-сауық және музыкалық бағдарламаларды қарауды шектеу;

8. Әйелдердің еркін киім таңдауына шектеу қою немесе әйелдерді, сонын ішінде кәмелетке толмаған қыздарды діни, басқа елдер мен халықтарға тән киімдерді киюге мәжбүрлеу;

9. Діни талаптар мен салт жоралар бойынша некені қию мен бұзудың ұйғарымдардың болуы;

10. Ұлттық тіл мен мәдениетке залал келтіріп айрықша сөйлемшелер,сөздер мен сленгтерді қолдануға ұйғарымдардың болуы;

11. Ұлттық дәстүр,мәдениет пен қазіргі өмірге залал келтіріп, өзгеше киім киіп, ерекше сыртқы келбетте болуын нұсқау:

Ер адамдар үшін:

— ретсіз, күтім көрмей өскен сақал.Мұрт қырынып отырады;

— кең пішімді (қонымды киімдер рұқсат етілмейді), тобықтан төмен емес келетін, қысқартылған шалбар

Әйелдер үшін:

— денені толығымен немесе толығымен дерлік жабатын (паранжы,бурка, шадра, химар,хиджаб) кең пішімді, көбінесе қара немесе басқа да күңгірт түсті (қара-қоңыр,қара-көк, сұр)киім.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *