Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

БҰҰ: Ауғанстан лаңкестері Қазақстанға қауіп төндіріп отыр

АСТАНА, 25 тамыз. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысында Ауғанстан лаңкестерінің Орталық Азия елдеріне айтарлықтай қауіп тудырып отырғаны туралы айтылды деп хабарлайды Tengrinews.kz порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі мәлімдеді. Ауғанстан лаңкестері тарапынан Орталық Азия елдеріне төніп отырған қауіп күшейіп келе жатқан көрінеді. Оған шетелдік әскерилердің Сирия мен Ирактан Ауғанстанға қарай ойысқаны себеп болып отыр, дейді БҰҰ өкілдері.

Бұл туралы БҰҰ бас хатшысының орынбасары Владимир Воронков Қауіпсіздік кеңесі отырысында мәлімдеді.

Қазақстанның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Қайрат Омаров отырыста сөз алып, терроризммен күресті нығайту мақсатында халықаралық, аймақтық және ұлттық деңгейде күш біріктіруге шақырды.

Осы орайда ол терроризм мен экстремизмнің жастар арасында тарап кетпеуіне көп көңіл бөлуі керек екенін атап өтті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *