Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Әзірбайжанда теракт дайындап жүрген қарулы экстремист бейтараптандырылды

АСТАНА, 31 тамыз. Әзірбайжанның Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі (МҚҚ) арнайы операция өткізіп, республиканың солтүстік аймақтарында лаңкестік әрекеттерді жоспарлаған экстремистік топтың мүшесін өлтірді. Бұл туралы Әзербайжанның Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің қоғамдық қатынастар орталығына сілтеме жасай отырып, EADaily порталы хабарлады.

Басылымның мәліметтеріне сәйкес, Наджафов Низами Адиль оглу қару мен жарылғыш заттарды сатып алғаны туралы келіп түскен ақпарат тергеу нәтижесінде расталғаннан кейін,арнайы қызметтер мен прокуратура қызметкерлері төтенше шараларды бастады.

Өткен күні Республиканың Хачмаз ауданында Наджафовты қарусыздандыру және жауапқа тарту жөніндегі операция нәтижесінде, шабуылшы қарсылықсыз берілмей, автоматтан оқ жаудырды. МҚҚ қызметкерлерінің қарсы оқ ату нәтижесінде оның көзі жойылды.

Оқиға болған жерді тексеріп қарағанда,Наджафовтың денесінің жанында АСК автоматы,оған оқ-дәрі, сондай-ақ майдагерлік әдіспен жасалған жарылғыш құрал табылды.

Қылмыстық іс бойынша жедел-іздестіру шаралары жалғасуда, делінген хабарламада.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *