Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Төрт рет тұрмыста болған ақтөбелік келіншектің күйеулерінен шеккен зардабы

АСТАНА,5  қыркүйек. Ақтөбе қаласының тұрғыны NUR.KZ-ке берген сұхбатында оған жыныстық жолмен берілетін инфекция мен туберкулез ауруын жұқтырған күйеулері туралы әңгімеледі.

Бірінші неке: «Менің күйеуім Сирияға барып, сол жерде қайтыс болды»

Мен мектептен бастап дінді зерртеп,оқи бастадым.Ол кезде 17 жаста болатынмын. Оқуды аяқтағаннан кейін мен дос жігітке тұрмысқа шықтым. Ол әкесіз өскен бала, ал анасы біздің некеге қарсы болды.

Көп ұзамай біз балалы болдық, басқа пәтерге көшіп, алты жыл бірге өмір сүрдік. Соңғы екі жылда күйеуім танымастай өзгеріп кетті. Бірде ол маған басқа елге баратынымызды айтты. Алайда, заттарымыз жиналып,дайын болғанда, ол күтпеген жерден бізді қалдырып,өзі жалғыз кетіп қалды», — деп Айжан (аты өзгерді – редакция ескертуі) еске алады.

«Ол Сирияға кетіп калды.Бір ай бойы байланысқа шықпады. Кейін ол маған WhatsApp-қа жазған. Ол қолында автоматы бар фотосуреттерін жіберді. Бастапқыда күйеуім кетіп қалғанына қуанды. Одан кейін тозақ басталды. Мен де оған баруға жинала бастадым, бірақ ол маған келуге тыйым салды. Оның айтуынша, ол жерде мұсылмандар бір-бірін өлтіреді.

Күйеуім ол жерге барғанына қатты өкінді. Осыдан кейін ол жоғалып кетті. Оны өлтіріп тастады », — дейді әйел.

Терең жаңылыс: «Мен мужахидтің әйелімін!»

«Менің күйеуім Сирияда қайтыс болғанда, «апалы-сіңлілерім» мен «ағаларым» мені мужахидтің әйелі деп атай бастады. Мен мұны мақтан тұтамын, мені құрметтеп, маған көмектесті. Алайда мен көп ұзамай бұның барлғы терең жаңылыс екенін түсіндім », — деп мойындады қыз.

Екінші неке: «Бір айдан кейін ажырасқанбыз»

«Бір жылдан кейін «бауырластарымның» бірі маған қамқорлық көрсете бастады. Бірге өмір сүре бастадық, бірақ бір айдан кейін ол «талақ» деп, мені балаларымен тастап кетті. Балаларды қабылдамады. Мен көмек сұраған кезде, ол бас тартып, бұл басқа біреудің балалары екендігін айтты.

Кейінірек, мен одан жүкті екенімді білдім. Ол өз баласынан да бас тартты. Сол кезде менде венерологиялық ауру бар деп анықтады. Бұл туралы күйеуіме айтқанымда, оған бұл ауруды мен жұқтырттым деп кінәлап, мені жезөкше деп айыптады. Сол кезде анамнан емделуге 80 мың талап етті», — дейді Айжан.

Үшінші неке: «Тек 1,5 ай тұрдықі»

«Біраз уақыттан кейін менің өмірімде тағы бір адам пайда болды. Ол мені барлық қиыншылықтар мен қиындықтардан қорғауға уәде берді. Мен оған сендім. Жалғыз басты ана болу да қиын болды. Алайда, бір айдан кейін ол да мені тастап кетті. Мен ауырып,қатты жөтеліп жүрдим», — дейді ақтөбелік келіншек.

Төртінші неке: «Бірінші әйелі мені күйеуіне тоқал болуын өтінді»

«Бір әйел маған келіп, күйеуне екінші әйелі болуды өтінді. Ол күйеуіне мұрагер туа алмағандықтан,күйеуіне екінші әйел табуға тілек білдірді. Алдымен бас тарттым, бірақ ол жалбарынып, жылап тұрып өтінді.

Кейінірек белгілі болғандай, ол күйеуімен ажырасқысы келді, ал мені жай ғана пайдаланды. Маған осы отбасынан кетуге тура келді».

Айжанның айтуынша, кейінірек анықталғандай, күйеулерінің бірі оған туберкулез ауруын жұқтыртқан.

Алайсыздықтан әйел теологтардан көмек сұрады.

«Біз осы әйелмен әлеуметтік оңалту кезінде таныстық. Құжаттары толық болмағандықтан,ол әлеуметтік көмек ала алмайды.

Ол өзінің проблемалары туралы бізге айтып берді. Біз оған қажетті көмек пен қолдау көрсеттік», — деді облыстық дін істері бөлімінің бастығы Жолдас Нұрланұлы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *