Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Қазақстандағы діни саланың жай-күйін талдау бойынша ауқымды жобаны іске асыру туралы жариялаймыз

Құрметті достар!

Осы жылдың қыркүйек айында біздің ұйым «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының мемлекеттік гранттар жеңімпаздарының қатарына қосылу абыройына ие болды.

Алдағы екі айда біздің жоғары білікті мамандарымыз Қазақстандағы діни саланың жай-күйі туралы баяндама дайындау үшін ауқымды ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Біздің қазіргі кəсіптік қызметіміз мəселені əртүрлі тараптан қарастыруға жəне Қазақстан Республикасындағы қазіргі діни ахуалды нақты бағалауға мүмкіндік береді.

Қызметкерлердің барлық тәжірибе білімдері, «Терроризмге қарсы комитет» қоғамдық бірлестігінің мемлекеттік құрылымдармен белсенді ынтымақтастығы, діни қызметкерлер өкілдерімен көптеген бірлескен жұмыстарымыз осы жобаны жоғары деңгейде жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Жұмысымызда біз өте маңызды аспектілерді қозғаймыз: біз кешенді кабинеттік талдау өткіземіз, контент талдауын жүргіземіз. Біз халықаралық тәжірибеге және нәтижелі отандық тәжірибеге ерекше назар аударамыз. Бұл ауқымды жұмыс, бірақ қызықты болады. Біз ресурсымызда проблемаға бей-жай қарамайтын оқырмандарға жобаның жетістіктері туралы ақпарат беріп отыруға тырысамыз.

Құрметпен,

«Терроризмге қарсы комитет» РҚБ командасы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *