Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Қазақстанда «Йақын Инкар» ұйымы экстремистік деп танылды

АСТАНА, 28 қазан. Қазақстанда «Йақын Инкар» ұйымы экстремистік деп танылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бас прокуратура Қазақстанда тыйым салынған «Таблиғи Жамағат» экстремистік ұйымының негізінде құрылған «Йақын Инкар» ұйымының еліміздегі заңсыз қызметін анықтады.

Көрсетілген ұйымның шынайы мақсаты — жекелеген мемлекеттерде, соның ішінде Қазақстан аумағында конституциялық құрылысты күштеп өзгерту, егемендікті бұзуды болжайтын «халифат» құру.

Аталған ұйымның ұстанушылары қақтығысқа алып келу мүмкіндігін біле тұра өзге діндерді жоққа шығаруда, бұл әрекеттер діни экстремизм ұғымының белгілеріне сай келеді.

«Йақын Инкар» мүшесі болған Қазақстанның жекелеген тұлғалары біздің еліміздің аумағында экстремистік әрекет жасағандықтары үшін бас бостандығынан айыруға сотталған (Астана қаласының Сарыарқа аудандық сотының 10.04.2018 жылғы үкімі).

«Қылмыстық істер шеңберінде осы ұйым мүшелерінің Қазақстан аумағында топтар құру ниеттері болғандығы анықталды.Осындай негіздер бойынша «Йақын Инкар» ұйымы Қырғызстанда экстремистік деп танылған. Осыған байланысты Астана қаласының прокуратурасы, «Прокуратура туралы» Заңмен көзделген өкілеттіктерін іске асырып, сотқа «Йақын Инкар» ұйымын экстремистік деп тану туралы арызбен жүгінді. Астана қаласының Есіл аудандық сотының 10.10.2018 жылғы шешімімен аталған арыз толық көлемде қанағаттандырылды», — делінген прокуратураның хабарламасында.

Сотпен «Йақын Инкар» ұйымының әрекеті экстремистік деп танылып, оған Қазақстан Республикасының барлық аумағында, соның ішінде ақпараттық материалдар, бұқаралық ақпарат құралдары, телекоммуникация, әлеуметтік желілері, мессенджерлер және бейнехостингтер арқылы таратуға тыйым салынды.

Құрметті азаматтар, Бас прокуратура сот шешімінен кейін «Йақын Инкар» экстремистік ұйымының әрекетіне кез келген қатысқаны және қаржыландырғаны үшін Қылмыстық кодекстің 182, 258 және 405-баптарына сәйкес қылмыстық жауапкершілік көзделгенін түсіндіреді.

«Қатысу» әрекетіне «Йақын Инкар» ұйымының идеясын үгіттеу және насихаттау, оның жарияланымдарын, парақшаларын, посттарын, пікірлерін және басқа да ақпараттық материалдарын дайындау, шығару, көбейту және тарату жатады. «Қаржыландыру» ұғымына «Йақын Инкар» ұйымына ақшаны, өзге де мүлікті беру немесе жинау, сыйға тарту, айырбастау, қайырмалдық жасау, спонсорлық және қайырымдылық көмек, ақпараттық және өзге де қызмет түрлерін көрсету жатады», — деп хабарлады прокуратураның баспасөз қызметіндегілер.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *