Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Ыстық номерi

+77010222030

Салафизм — бұл дін емес, бұл саяси қозғалыс — Раздықова

Дәстүрлі емес деструктивті ағымдар желісіне түсіп қалған жастарды құтқаруға болады ма? Неліктен туыстары селафизмнің құрбандары болған балаларын оңалту үшін мешітке барудан қорқады? Интернеттегі уағыздаушылар ҚМДБ-ның имамдарының беделіне неліктен нұқсан келтіреді? Павлодар облысының конфессия аралық қарым-қатынастарын талдау және дамыту орталығының директоры Гүлназ Раздықова Zakon.kz сайтына берген сұхбатында бұл туралы және де басқа сұрақтарға жауап берді.

— Гүлназ Мақсұтқызы, сіз діни экстремизм мен терроризм мәселесімен бұрыннан айналысып жүрсіз. Біздің қоғам үшін бұл құбылыс қаншалықты қауіпті?

— Қазақстанның бүгінгі күнгі болмысы — терроризм мен экстремизмнің ашық әрекеттері жоқ, бірақ, өкінішке орай, экстремизм мен бұзулыдың элементтері немесе фактілері көрініс тапты. Мысалы, жақында біздің оқу орындарымыздың бірінде жағымсыз оқиға болды. Екі жасөспірім мемлекеттік рәміздер туралы заң бар екенін біле тұра, Қазақстан Республикасының әнұраны орындалуы кезінде тұрудан үзілді-кесілді бас тартты, бұл жерде олар үшін діни догмалар мемлекеттің заңдарына бағынудан жоғары болды. Егер әрбір діншіл өзінің діни сенімдерін мемлекеттің заңынан жоғары қоя бастаса, онда бізді қандай болашақ күтіп тұр?!

Діни экстремизм туралы айтқан кезде, бұл тек қана арнайы немесе құқық қорғау органдары және мемлекеттің мәселесі ғана емес екенін түсінуіміз керек. Егер біздің ұстанымыз осындай болса, онда біз қазірдің өзінде осы күресте жеңілдік деген сөз. Терроризм мен экстремизмге қарсы тұру — бұл бүкіл қоғамның күресі.

— Сәләфизмнің құрбандарына бұл тәуелділіктен құтылуына шынымен қалай көмектесуге болады?

— Деструктивті діни ұйымнан шығу жүйелі ұзақ процесс. Біріншіден, адепт өзің дәстүрлі емес діни қозғалыстың ұстаушысы екенін түсінуі керек, бұл жерде, сәләфизм, өзіннің сәләфит екенін және оның проблемасы бар екенін түсіну керек.

Сәләфиттердің Қазақстандағы дәстүрлі Ханафи мазхабын ұстанатының мәлімдейтінің жиі көреміз, бірақ шын мәнінде олардың діни тәжірибесі бұған қайшы келеді. Сондықтан, сәләфиттің оңалту процесі міндетті түрде өзің ұғынуға байланысты болуы керек, өйткені біздің елімізде мәжбүрлі оңалту жоқ.

Екіншіден, адамның көмекті қабылдайтын ниеті болуы керек, яғни өзіне көмектесуге шын ниет білдіру керек. Үшіншіден, ол оңалту үдерісінде қолданылатын барлық ақпараттық әсерлерін қабылдауы керек.

—Сәләфизмнің вирусын жас қазақстандықтар қай жерде ұстайды, ол қайдан келеді, тасымалдаушы иесі кім?

— Қазіргі кезде сәләфиттер адамдарды іске тарту үшін олармен тікелей байланысу қажет емес, олар «ВКонтакте» әлеуметтік желісін және «Youtubе» каналын пайдаланып интернет арқылы насихаттаумен айналысады. Бұл деструктивті идеологияның негізгі құралдары, ана құрсағындағы сәбиге оттегі кіндік арқылы қалай жеткізілсе, солай біздің балаларымыздың ақыл-ойына барлық ақпарат жетеді, өйткені сәләфизм құрбаны шектеулі кеңістікте өмір сүреді.

Алғашқы қайнар көздер –ол шетелде отыра бейне-лекциялар мен дыбыстық үндеу жазатын біздің азаматтарымыз. Бүгінде бұл, біз бірнеше жылдан астам уақытта жинап-сиыратын сәләфит уағыздарының үлкен қоқысы. Олар, әрине, бізден бір қадам алда. Қуаныш Башпаев, Назратуллах, Дільмұрат Махаматов, Октам Зауырбеков, Денис Коржавин, Ринат, Хәліл және басқалар…

Оларда миссионерлік қызметке қатысудың заңды құқықтары болмады, бұл олардың өздерінің бастамасы мен қалауы болды. Өздеріңіз білетіндей, біздің еліміздің заңдарына сәйкес, дінді уағыздауға тек муфтият құқылы, өйткені олар ата-бабаларымыздың дінін — дәстүрлі исламды насихаттайды.

— Дегенмен, еліктірілген адептті қалайша толықтай сендіруге болады, ол өз пікірінен айнымас?

— Адептпен әңгімелесуде оның теріс кетуін, қателіктерің, ағымның диструктивті екендігін сыпайы түрде көрсетуіңіз керек. Сәләфиттерге көбінесе нақты бір адам әсер етеді, харизмалық тұлға — уағызшы. Тек осы ғана сәләфизмнің дін емес, діни мәтіндермен жасырылатын саяси қозғалыс екенін дәлелдейді.Бұған қоса көптеген мәтіндер дұрыс түсіндірілмей, өз мақсаттары үшін пайдаланылады.

Олардың лекцияларыңызға қарасаңыз, барлығы басқа конфессияларға қарсы жек көрушілік пен агрессияға бағытталған, мысалы: «Бидғатшыларды қалай жек көру керек?», «Пұтқа табынушылар деген кімдер?», «Исламдағы адасқан секталар», «Шииттер мұсылмандар емес», «Тағұт белгісі» және тағы басқалар.

— Соңғы кезде біреудің ұлы немесе қызы сәләфизмге жан-тәнімен кірісіп, оқуды тастап, отбасымен, достарымен, туыстарымен байланысын үзгенін жиі естиміз … балалары осындай сенімсіз жолға түскен ата-аналарға қандай кеңес бересіз?

— Біріншіден, олар өз балаларымен сөйлесуі керек. Бірақ егер ол қатынасқа түспесе, сіз жақсы психологты табуыңыз немесе біздің орталыққа ұқсас жерге баруыңыз қажет.

Сәләфиттердің барлық оғаштығы — бұл Құдайдан қорқатын мұсылман болуды үйретпейді, ал ең алдымен басқаларды жек көруді, оларды мұсылман емес деп есептеуді, немесе одан да жаман, жолдан тайған адам ретінде санауды үйретеді.

Жастарға осы ағымды қолдамағандардың бәрі теріс жолға түскендер деп сендіріп, олар тозаққа түсетінін айтады.Осылай олар адептті туыстары мен достарынан айырады. Одан кейін «дұрыс емес» имамдарды тыңдаудың қажеті жоқ деп үйретеді, өйткені олар «сауатсыз» және т.б. Осыдан кейін, билік өкілдерін жеккөруге уйретеді, оларды «мұртад» («жолдан тайғандар») деп атайды. Жақындары жеген тамақ «харам» болып, айналасындағы адамдар «кәпірлер» бола бастайды.

— Сіздің тәжірибеңізде адептердің сәләфизмнен шығу жағдайлары болды ма?

— Бақытымызға орай, қазір көптеген адамдардың көзі ашылып көріп жатыр, өйткені олар салафизмнің шын мәнін түсінген болатын. Ата-аналардың өз балаларының діни ұстанымдарына қатысты алаңдаушылығы бірнеше есе өсті және бұл қуанышты. Ақпараттық және түсіндірме топтардың белсенді және ауқымды жұмысының арқасында мұндай тұрақты нәтижеге қол жеткізілді, сондықтан бүгінгі күні бұл идеологиядан бас тартудың көптеген оқиғалары бар.

Мамандар бұл үрдісті дефекция деп атайды. Қазіргі уақытта Қазақстанда дефекцияның екі түрі бар — жасырын және декларативті. Мысалы, YouTube-те адамдардың немесе Денис (Абдулла)

Коржавин сияқты көшбасшылардың сәләфизмнен шығуы туралы бейнелер жариялаған.Бұл қоғамның назарын сәләфизмнің шыққан жағдайға аудару арқылы жүретін дефекцияның декларативті түрі. Қарапайым әдеттердің сәләфизмнен шығу жиі жасырын сипатты болады.

— Мүмкін, бұл процестер өте қиын өтеді. Деструктивті ағымға деген эмоционалдық тәуелділік адамға кедергі келтіре ме?

— Әрине, ол кедергі келтіреді, сондықтан біз деструкция жағдайынан шығу туралы кеңес береміз. Бұл адамның өз еркімен, туыстары мен жақындарының көмегімен кеңесшілер тобымен жүзеге асырылатын қарқынды ақпараттық терапия.Терапияның ұзақтығы әртүрлі болады, ол адептің өзіне тән психо-эмоционалды қасиеттеріне және осы топтағы болу тәжірибесіне байланысты. Кеңестердің негізгі мақсаты – адептің табынушылығының пайда болуы, дамуы мен жұмыс істеу әдістері туралы нақты фактологиялық материалдарына негізделген объективті ақпаратпен қамтамасыз ету.

Біз сыни ойлауды жандандыруға, оны еркін таңдаудың баламаларын арттыруға тырысамыз. Бүгінде ағымдардан шығу бойынша кеңес адептермен жұмыс істеудің дүниежүзінде ең кең таралған болып табылады.Сонымен қатар, мамандар адепттің конституциялық құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қадағалайды. Бұл психологтар, теологтар, діни ғалымдар, заңгерлер және қажет болған жағдайда суицидологтар кіретін кеңесшілер тобымен жүргізілетін өте маңызды терапия.

— Адам қайтадан өзінің деструктивті тобына қайтып келуі мүмкін бе?

— Басқа да тәуелділік сияқты, идеологиялық тәуелділік қайталануы мүмкін және сәләфит өзінің тобына қайта оралуы мүмкін. Кейде ауысу да болады, адам басқа діни ағымнан сәләфизмге келеді.

Мысалы, Қазақстанда «Хизб-ут-Тахрир» экстремистік діни ұйымының қызметіне тыйым салынған кезде оның көптеген мүшелері басқа дәстүрлі емес діни қозғалысқа сәләфизмге ауысып келді. Жаңа діни ортақтыққа ауысу кезде бұрынғы еліктіргендіктің айқын элементтері қалуы мүмкін. Яғни, адам бұрынғы көзқарастарының синкретизміне ұшырайды, мысалы, сәләфизмнің белгілері бар Хизб-ут-Тахрир.

Демек, бір аурудан айыққан адам басқа ауруға шалдығып, фанатизмнің тағы бір түрін жұқтырады. Екі ағым да өз қатыгездігімен, агрессиясымен және көшбасшыларға көзсіз еліктеуімен ұқсас.

— Адамдардың сәләфизмнен бас тартып, қалыпты өмірге қайта оралған мысалдарыңыз бар ма?

— Барі оңай емес. Сәләфизмнен шыққан адамның қиындықтары, әрине, болады. Ең алдымен, бұл әлеуметтену процесі, адамның қоғамда қайта әлеуметтенуі. Көп жағдайда қоғамның өзінде де бұрынғы мүшелерге қалыпты, дұрыс қарым-қатынас мәдениеті жетіспейді. Кейде олар қабылдамаушыққа,түсінбеушілікке, стигматизацияға тап болады, оларды кемшіл, жігерсіз, біткен адам деп қабылдайды.Бұл жерде біздің қолдауымыз өте маңызды, біз сабырлы және толерантты болуға тиіспіз, өйткені әрқайсысымыз теріс жолға түсуіміз мүмкін. Халқымыз «Адасқанның айыбы жоқ, қайтып үйірін тапқан соң», — дейді.Біз әр адамға қоғамымызға оралып, лайықты азамат болуға мүмкіндік беруіміз керек.

— Балалары сәләфизмнің құрбандары болған көптеген туыстар оларды оңалту үшін имамға мешітке барудан қорқады …

— Бекер екен. Имамдардың оларға зиян келтіруі мүмкін деп ойлауы да қате. Керісінше, табынушылықтан зардап шеккендердің оңалтуында дін қызметкерлері зор көмек көрсетіп отырады.

Сондықтан интернет-уағыздаушылар ҚМДБ имамдарының беделін түсіріп, олард туралы мейлінше жаман өсек таратуға тырысады.

Мысалы, мен түзеу мекемесінде бір жас жігітпен жұмыс істедім, ол жарты жыл бұрын ғана намаз оқуға кіріскен,бірақ ол әлеуметтік желілерге экстремистік мәтіндерді белсенді түрде шығара бастады, қазір сол үшін жазасын өтеп жатыр. Ол имамның алғаш рет түрмеде көргенін айтты және бұл жігітке нандырғандай, оның құйрығы мен мүйізі жоқ екенін айтады. «Имам да адам екен», — деп ол аң-таң.

Қоғам сәләфизм деструктивті ағымының ұстанушыларына сабырлық пен мейірімділік таныту керек және олардың жойқын идеологиядан құтылуына бар күш-жігерін салуы керек.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *