Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Ыстық номерi

+77010222030

Ырғақты өмірді экзотикаға айырбастау — Оразбаев

Жас, әдемі және білімді қыздар кім немесе не үшін өздерін азапты өлімге душар етеді? Интернетте толып жүрген Қытайдағы көпшілік алдындағы өлімдерден бастап «Бангкок-Хилтон» классикалық голливудтық ертегісімен аяқталатын Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне есірткі тасымалдайтын курьерлерді күтіп тұрған қасірет қаншалықты айтылған.

Қазіргі кезде Азиялық түрмелерде қиналған жас қыздар 2012 жылы Қырғызстандағы БАҚ-да жарияланған басылымды кезінде көрмегендері өкінішті.Оның тек атауы ғана жаңа қайғылы оқиғаларды тоқтатуы мүмкін еді — «Өлім келбеті шоколад түстес немесе ниггериялық мафия қырғыз халқын қалай жалмап алды… ».

Онда есірткіні тасымалдау арнасын анықтау үшін Қырғызстан, Қазақстан және Қытайдың арнайы қызметтері есірткі құралдары, психотроптық заттар және олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия аймақтық ақпараттық үйлестіру орталығының (CARICC) үйлестіру шеңберінде жүргізілген халықаралық операциясы жеткілікті түрде сипатталады. Қырғызстанға «қармауыштарын» жайған есірткі спруты туралы айтылған. Мінсіз беделге ие жастар да олардың қармағына түсе алады. Білімді, ақылды. Ағылшын тілін меңгерген. Ал ең алдымен, қызықты, тартымды жас әйелдер. Және уақытында миын «қоспайтындар».

Халықаралық есірткі мафиясы алдыңызға қорқынышты түрі, денесінде сүреттері бар адам кейіпінде келмейді. Ол сыпайы, қолы ашық, проблемаларыңызға сезімтал және көмектесуге дайын айбарлы шетелдіктің бейнесінде болады. Бәлкім, ол Интернеттен пайда болады.Ал оның келбеті шоколад түстес болады – бұл шырайлы шетелдіктің африкалық болуы мүмкін.

Бұл тұлғаны көргенде, бұл өлімнің келбеті, жат жерде қорқынышты, масқара өлімге ұшырататын келбет екенін біліңіздер.

Бірнеше жыл бойы есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық-Азиялық аймақтық ақпараттық орталығы (CARICC) халықаралық «Қара қызғалдақ» операциясын үйлестірді және осы уақыт ішінде көптеген материалдар жиналды және арнайы қызметтердің өткізілген операция нәтижелері жинақталды, бірақ нигериялық есірткі мафиясы экзотикаға тартылатын, жас,әдемі және білімді азаматшаларымыздын арасынан жаңа құрбандар табады.

2015 жылдың маусым айында ҚХР сотталған, өмір бойы бас бостандығынан айырылған қазақстандық студент Ақжарқын Тұрлыбайдың қайғылы оқиғасы, өкінішке орай — соңғы болмады.

2015 жылдың 24 маусымында ресейлік әріптестер кезекті трансұлттық есірткі тобына қатысты жаңа фактілер жариялады. Бұл жолы «есірткіге қарсы полиция қызметкерлері тоғыз курьерді құрықтады, олар Тайландқа қара нарықта бағасы 200 миллион рубльден асатын, шамамен 30 килограмм кокаин апара жатты. Жалдау схемасы бірдей.

«Ұсталған қыздың жауабы жедел топ қызметкерлеріне банда жетекшілерінің бірі Ленц деген лақап атты нигериялықтың ізіне түсуге көмектесті. Ол Таиландта тұрады, тіпті бірнеше ойын-сауық орындарымен иеленеді. Бірақ мұның бәрі оның басты жұмысы үшін таса болды — Ленц есірткі курьерлерін іске тартуға және Таиландқа кокаин жеткізу арналарын ұйымдастыруға жауапты еді …

Ол құрбандарын демалу үшін ұшып келген, некеде тұрмайтын ресейлік азаматшылар арасынан таңдады. Еркек олармен интимдік қарым-қатынасқа түсетін, ал кейбіреулеріне тіпті уйленемін деп уәде беретін. Осыдан кейін ол қыздардан шағын қызмет туралы сұраған — Бразилиядан Таиландқа чемодан немесе сөмкені тасымалдау. Жүк багажында кокаин салынған құпия орын болғанын, бақытсыз ханымдар тіпті болжап та білмеген. Тек ұсталған кезде ғана оларға қорқынышты шындық ашылатын».

Әрине, олар Таиланд Корольдігінде, Қытай мен Вьетнам және басқа елдер сияқты, есірткі контрабандасы үшін өлім жазасы қөзделгенің білмеді.

Қырғызстанның Мемлекеттік Ұлттық қауіпсіздік комитетінің материалдары бойынша жазылған,жоғарыда айтылған мақалада желі егжей-тегжейлі сипатталған. Осылайша, 2012 жылғы 18 қаңтарда Алматы әуежайында «бақыланбалы жеткізілім делінетін халықаралық операцияның соңғы кезеңі басталды — үш мемлекеттің арнаулы қызметтерінің бақылауында 2 кг героинді аудару. Сәуле (есірткі сатушылардың байланысшысы – А.О. ескерту) «еліктіргіш» рөлін атқарды — есірткі мфиясының басшылары оған назар салып,қармағына түсуі керек. Қыз батыл еді, бұл рөлді ойнауға бірден келіспеді. Ол Қытайда қалып қояды деп қатты үрейленді. Қырғызстандық қауіпсіздік қызметкерлері қытайлық тараптан Сәулені Қырғызстанға қайтару туралы жазбаша кепілдеме алуға тура келді.

Бұл басқаша болуы да мүмкін еді. Бастапқыда қауіпсіздік қызметкерлері Сәулені Қырғыз-Қазақстан шекарасында ұстауды жоспарламаған. Олар курьерді Қытайға жіберіп, артынан іздеу қағазын жібермек еді: ұшып келе жатыр, есірткісі бар осындай азамат дегендей, күтіп алыңыздар. Бірақ, кейінірек,олар қызды аяғаның айтты. Қытайда 50 грамм «қатты» есірткі табылса өлім жазасы қарастырылған. Ал егер жолыңыз болып жатса — өмір бойы бас бостандығынан айыру. Бірақ тұтқындар 5-10 жыл ғана шыдайды. Қытайлықтар қылмыскерлермен назданбайды.

Сәуле тоқтаған Гуанчжоудағы қонақ үйге жас қытайлық әйел келді.Полицейлер оны қонақүйден шығып келе жатқан жерінен ұстады. ҚХР Қоғамдық қауіпсіздік министрлігінің қалалық басқармасында тергеу басталды, онда ұсталғандармен бірге операцияға қатысушылары болды. Қытай полицейлері ұсталған қытай қызын арнайы креслоға байлап, қандай қаталдықпен жауап алғанын көрген Сәуле қорқыныштан есінен тана жаздады».Қытайлық әріптестерінің жұмыс әдістерін білетін Қазақстан мен

Қырғызстанның жедел қызметкерлері де қыздың қатыгездікпен ұрып-соққанын көріп талып қала жаздады.

Әрине, мұндай оқиғалардың бақытты аяқталғаны жақсы. «Бангкок-Хилтон» фильмінің бақытты аяқталуы сияқты немесе операция кейіпкері үшін бас бостандығынан айыру мерзімін, өз отанында,Қырғызстанда өтеу сияқты.

Бірақ, өкінішке орай, экзотикалық әуесқойлар құрбандарының тізімі үнемі толықтырылып отырады. Әрқайсысында, оларды тоқтата алатын туысқандары, жақындары,достары мен туыстары бар.

Жібек Сакеева, Анастасия Яичникова, Ақжарқын Тұрлыбай, Мария Дапирка, Светлана Кулбаева, Шовкатбек Юсупжанов, Семён Собол, Чолпон Шаимбетова, енді 9 ресейлік қыз қосылды. Тек қана есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық-Азиялық аймақтық ақпараттық орталығының (CARICC) дерекқорына Қырғызстаннан, Өзбекстаннан, Қазақстаннан және Ресейден 30-дан астам жастар кірді.Олардың көпшілігінде тұтқынға алынды, содан кейін тағдыры белгісіз немесе өмір бойы бас бостандығынан айырылды деп көрсетілген. Ал шынымен шетелдегі түрмеде қаншама адам азаптанып жатыр немесе қайтыс болды? Белгісіз.

Біздің отандастарымызға қара терілі «ханзада» тұлғасындағы экзотикаға ұмтылу олар үшін азапты өліммен аяқталуы мүмкін екендігін қалай жеткізуге болады. Мысалы, бұл басылымдағыдай. «Тұтқындар үшін жайма шуақ Тайланд шынайы тозаққа айналды. Жеке адамдар ғана бұл жерде тірі қалады. Қамалғандардың көбі өмір бойы бас бостандығынан айырылғандар немесе ұзақ мерзімге сотталғандар. Түрмеде қамалғандар үшін әдейі азаптарын ұзарту үшін ерекше қиын жағдай тудырады.Осындай жағдайда өмір сүру өте қиын. Барлық жер лас, дұрыс тамақ жоқ, медициналық көмек те жоқ.

Тайланд түрмесіндегі адам өте тез тірі мәйіт тәрізді болады … Бұл жерде туберкулезді немесе сары безгекті оңай жұқтыруға болады. Қамалғандар үнемі кісенделіп жүреді, ал өлім жазасына кесілгендерге гір тастарын тағып қояды. Өлім жазасы басқа елдердегі сияқты өлім инъекциясымен атқарылмайды, ату арқылы орындалады».

Бұл жолдарды оқығаннан кейін адамдар жағдайды соншалықты өршітудін не керегі бар дейтін шығар? Бұл менімен бола алмайды! Бірақ жүздеген және мыңдаған есірткі мафиясының құрбандары басқаша ойлыды дейсіз бе?

Неліктен бұрынғы Совет Одағының елдерінде нашақорлық, терроризм, экстремизм тез дамып келеді? Әдетте, біз «кінәліні» іздейміз. Кім кінәлі? — мәңгілік сұрақ. «Кінәлі» әрдайым бар — мемлекет, қоғам, басшы, көршіміз және т.б. Біз бұл амалсыздықтан, әлеуметтік жағдайсыздықтан, жұмыссыздықтан және т.б. және т.с.с. деп ойлаймыз, тек бірнеше адам ғана қала / ауыл / үйімдегі өмірді қалай жақсартуға көмектестім деп ойлайды?

Қоғамда есірткі сататын көршісіне «көз жаппайтын», дайындалып жатқан қылмыс,теракт туралы хабарлайтын немесе діни сектаға «кетіп бара жатқан» досын тоқтататын бей-жай қарайтын адамдар неғұрлым көп болса, соғұрлым өміріміз қорқынышсыз болар.

Барлығы салыстырмалы. Гүлденген Еуропада да қылмыстар жасалды, алайда алды алынғандар ондаған және жүздеген есе жоғары. Өйткені азаматтардың санасы жоғары.

Адамдар ойланып, естерін жиып, ақылды, мұқият әрі жауапты болу үшін әлі қанша қайғылы оқиғалар мен лаңкестік шабуылдар болуы керек?

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *