Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Бостондағы террорлық шабуылы бойынша айыпталған Диас Қадырбаев Қазақстанға оралды

АСТАНА, 31 қазан. Бостондағы террорлық шабуылы бойынша айыпталған Диас Қадырбаев Қазақстанға оралды, деп Zakon.kz хабарлайды.

Алты жылға сотталған Д. Қадырбаев Америка түрмесінен мерзімінен бұрын босап шықты.

«2018 жылдың 24 қазанында біздің азамат Диас Қадырбаев Алматы қаласына ұшып келді. Қазіргі таңда ол бостандықта. Ол Америкада жазасын толығымен өтеп, Қазақстанға қайтып келді», — деді ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров ведомствода өткен брифингте.

Айбек Смадияров Қазақстан Республикасының аумағындағы оның жауапкершілігі мәселесін еліміздің құқыққорғау органынан сұрап білу керектігін атап өтті.

Еске сала кетсек, 2015 жылы қазақстандық студент Диас Қадырбаев америкалық құқыққорғау органдарына 2013 жылы Бостонда жасалған лаңкестікті тергеу барысына кедергі жасағаны үшін 6 жылға түрмеге кесілген болатын.

Қадырбаев терактіні жасаған Джохар Царнаевты танитындығын полицияға хабарламаған.

Сонымен бірге, жатақханадағы Царнаевтың бөлмесін жинастырып, тергеуге кедергі келтіргенін мойындады.

Бұдан бұрын ҚР Сыртқы істер министрлігі қазақстандық студент түрмеден босап шыққанын және ол АҚШ-тан Қазақстанға жеткізілетінін растаған еді.

Бостондағы лаңкестік акті 2013 жылғы 15 сәуірде жыл сайынғы марафон кезінде болды.

Екі жарылыс салдарынан үш адам қаза тауып, 260-тан астамы жарақат алды. Жарылысты жасады деген айып ағайынды Царнаевтарға тағылды.

Үлкені — Тамерлан полицейлермен атыс кезінде өлтірілді. Джохар арнайы операция кезінде тұтқындалып, алқабилер соты оны өлім жазасына кесті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *