Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Ыстық номерi

+77010222030

Қазақстан балаларының Сириядан қайтару туралы мәселе

АСТАНА, 04 қараша. Сириядан балаларын қайтаруға көмектесуді сұраған оралдық он бес отбасының жақындары елге оралған жағдайда да жазаға тартылуы мүмкін. Сыртқы істер министрлігі радикалды көзқарастағы азаматтардың соғыс аумағында болғанын анықтаса, заңмен жазаланатынын айтады. Бірақ бірі немересін, өзгесі баласын қайтарғысы келген ата-аналар бұған да көніп отырғанын informburo.31kz сайты жазады.

Айнаш Төрееваның теріс діни ағымының жетегінде кеткен ұлы бес жыл бұрын түн жарымда шиеттей үш баласын Сирияға алып кеткен екен. «Жарты жыл бойы үнсіз кеткен келінім ақыры суық хабар жеткізді» дейді. Баласынан қапыда айырылып қалған ана ұлын соңғы сапарға да шығарып сала алмағанына өкінеді. Енді қанды қақтығыстың ортасында жүрген үш бірдей немересі мен келінін елге қайтаруға үкіметтен көмек сұрап отыр.

«Артында үш немерем бар. Сол үкіметтен сол артында қалған немерелерімізді қайтарса екен деп тілейміз»,- дейді Орал қаласының тұрғыны Айнаш Төреева.

Сириядағы соғысқа кеткен жақындарын елге қайтаруды армандап, шырылдап жүрген Айнаш Төреевадан басқа Орал қаласында тағы 14 отбасы бар. Көбі жақындарының «не өлі, не тірі екенін білмейміз» дейді. Қазір барлығы бір кісідей сыртқы істер министрлігіне көмек сұрап хат жазыпты.

«Қаншама аналар бар. Тек қана мен емес. Еңіреп, шырылдап жүр. Балаларымызды елге қайтару үшін. Еліміз тыныш кезде кім ойлаған»,- деп Орал қаласының тағы бір тұрғыны Айна баяндайды.

Ал Сириядағы балаларды Қазақстанға қайтару үшін ең әуелі олардың аты-жөнін анықтап алу керек. Уақыттың көбі дәл осы жұмыстарға кетеді екен. Ал қазір нақты қандай шара атқарылып жатқаны жайлы Батыс Қазақстан облысының дін істері басқармасындағылар тіс жармады. Бұған дейін оралған балалар зайырлылық қағидаларына үйренді дейді.

«2-3 сыныпта оқитын балалар болғандықтан олардың балаларының ешқандай бір жат дұрыс емес бір психологиялық көзқарастары жоқ»,- деді БҚО бойынша Дін істері басқармасының басшысы Азамат Төлепов.

Соңғы деректерге сай, Сирия мен Иракқа 870 адам аттанған екен. Оның ішінде 500 кәмелет жасқа толмаған бала бар. 260-қа жуығы қанды соғыс аумағында қаза тауып немесе із-түзсіз жоғалғандар қатарында.

Ал осы уақытқа дейін Сириядан радикалды көзқарастағы 193 қазақстандық елге қайтарылған. Оның 50-ден астамы сотталып, тағы ондағаны қатаң бақылауда тұр. Сондықтан 15 оралдық отбасының жат ағымның жетегінде еріп кеткен жақындары кері қайтарылса, жазаға тартылуы бек мүмкін.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *