Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Мадияров: Кері ағымдағылар салт-дәстүрді жоққа шығарады

АСТАНА, 06 желтоқсан. Дін қай заманда да, қай елде де өзекті тақырып болған. Солай болып қала береді. Өйткені, дін – сенім, дін – ұстаным. Елімізде діни экстремизммен күрес қарқынды жүріп жатқаны баршамызға аян. Біз Алматы қаласындағы «Шаңырақ» оңалту орталығының директоры, белгілі дінтанушы-ғалым Мерхат Мадияров мырзадан діни экстремизм идеологиясы: теологиялық ерекшеліктері мен қазіргі мәселелері қалай, экстремистік ұйымдардың идеялогиясы, жастардың діни жат ағымдарға қарсы иммунитетін қалыптастыру жолдары қандай деген сұрақтар төңірегінде әңгімелестік. Сұхбаттасушы маман біздің сұрақтарымызға толыққанды жауап беріп қана қоймай, асыл діннен адасушылардың белгілерін тәпіштеп түсіндіріп берді, деп JASQAZAQ.KZ ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Діни экстремизм идеологиясы: теологиялық ерекшеліктері мен қазіргі мәселелеріне тоқталу – ең өзекті тақырып. Бұл дінтанушылар мен дін саласындағы барлық мамандардың көкейіндегі өзекті сауал болуға тиіс. Біздің шынайы ислам дінімізде діни экстримизм жоқ. Дін – ешқашан экстримизм тероризмге шақырмайды. Бүкіл діннің тұлабойы адамгершілікке, бауырмалдылыққа тұнып тұрады. Отан сүйгіштікке, ата-ананы құрметтеуге шақырады. Дініміз осыған бағытталған, осылай тәрбиелейді. Оразаны не үшін ұстайсың? Себебі сен аш отырған адамның жағдайын түсінесің. Ислам діні ең басты назар аударатыны жетім жесірге қол созу. Уақытында зекетіңді, садақаңды беру. Ең үлкен мәселе садақада. Яғни, садақа берген адамның жүрегінде мейірімділік пайда болады. Діни экстримизм деп аталып кетуі, діннің атын жамылуы, бұл ислам дінін немесе қандай да бір дінді өзінің мақсаттарында пайдаға асыру деген сөз.

Қазіргі заманда дін мәселесі қоғамда өзекті тақырыпқа айналып отыр. Діндегі мәселелерді көтеру, діндегі кішкентай мәселелерді көбейтіп көрсетіп, өзге адамдарға басқаша үндеу салу арқылы кері ағымдардың идеологиясын қалыптастырады. Кері ағымға біздің мемелекетіміздің тұрақсыздығы қажет. Қазір қасиетті мәуліт айы болып жатыр. Пайғамбарымыздың туған айы. Осыны кері ағымдағы бауырларымыз «Бұл дұрыс емес, Пайғамбарымыз өз уақытында тойламаған еді» — дейді. Кез келген біздің мейрамдарымыз бар, наурызды алайық, олар бәріне қарсы. Себебі, бұл мейрамдарға қаншама дүйім жұрт жиналады. Мәуліт мерекесінде

Пайғамбарымызды ұлықтауға барша мұсылман қауым келеді. Салауат айтылып, өмірбаянын еске алады. Ал, жат ағымның жетегінде жүргендерге керегі бас қосу болмауы керек. Мысалы, той жиындарды да жоққа шығарады. Арақ-шарап жоқ тойларға да, ас беруге де қарсы. Одан кейін некеде өздері жиналып алып, иман болып некесін қия салады. Себебі, көп адам жиналғанын, көп куәнің болғанын қаламайды. Ертең талақ бергенде оңай, ешкім көрмеді, жасырын үйленіп ажыраса салады. Өздеріне ыңғайлы дүниені ғана алып отырады. Ең басты мақсаттары – халықтың басын біріктірмеу керек. Олар «Біз сүннет пен құранмен жүреміз» дейді.

Пайғамбарымыз өмір бойы үмбетім деп өтті. «Бір болыңдар, бірге жүріңдер!» — деді. Үйде намаз оқысаң бір сауап, мешітте оқысаң 27 сауап. Ал Меккедегі әл-Мәсжиду әл-Харамда намаз оқысаң, 100 мың сауап. Неге? Өйткені әл-Харамда 5 миллион мұсылман жиналады қажылыққа. Ал үйде жалғыз оқисың. Одан да мешітке бар, жамағатпен аралас, мүмкін біреу сенің мұқтажыңа зәру шығар. Қазір бізде шүкір, білімді имамдарымыз қаншама?! Сауаты мол, білікті мамандарымыз көп. Медреседе 3 курс оқитын балалар арабшаны қазақша оқығандай судыратады. Қаншама шәкірттеріміз бар өте сауатты. Бұрынғыдан қарағанда, әлдеқайда жақсы.

Қазір дінді бүлдірушілер бұқара халыққа «ақида» мәселесімен алжастырып отыр. Әрине, ол қиын мәселе. Олар тек екі ортаны араздастырып, былық шығаруға бейімделген. Экстримистік ұйымдар дегенде Ақтөбедегі, Алматыдағы, одан қалды Сиреядағы жағдайлардан кейін, адасып жүрген бауырларымыз бұл жолдың алысқа апармайтынын түсінді. Адамның өмірі кетіп қалатынын, сол жаққа барып сорлап қалған 500-ге тарта бауырларымыздың бала-шағасымен қырылып қалғанын көрді бәрі. Жиһад деген бос сөз екеніне көздері жетіп отыр. Бұлардың көбісі радикалды көз қарастағылардан алшақтай бастады.

Біз лаңкес емеспіз, асыл дінімізді мойындаймыз деп отырып, оқитын кітаптары, ұстаздары бір болғаннан кейін, олардан үміт күту қиын. Бәрі де қарапайым нәрселерден басталады. Ауылда бала тентек болып, сотқарлық жасап жүреді. Бір күні қылмыскер болып шыға қалады. Сол сияқты, қарапайым ғана мен ешкімге қарсы емеспін деп жүрген адам өзінің танымы, сенімі басқа болғаннан кейін түбі шығады.

Қаншама адамдармен жолығамыз, сөйлесеміз: «Ханафи мазхабынанбыз» дейді. Ханафи мазхабын жақсылап түсініп алу керек, Әбу Ханафи кім болған? Ал адасушылардың ұстаздары сонау Пайғамбарымыздың заманына дейін барады. Ешқандай үзілмеген жол, осымен жүрсек тура жолда жүреміз екен деп ойлайды. Ешқайсысын оқымаған. Бел ортадан кіреді де «Мынау дұрыс, анау дұрыс емес» — деп шығады. Көбімен сөйлесеміз: «Жоқ, ол былай. МЕн білемін» деп сөйлейді, фихқ, ақида мәселесінде болсын. «Сен сөйтіп айтуың үшін оған өзіңнің көзің жетті ме?» деп сұрасаң, «Жоқ мен солай естідім» — дейді. Біз де жан-жақтан естіп жатамыз, әлгі адастырушылардың соңында кететін болсақ, лағып кететін едік!

Дін ислам неге шақырады? Не естідің, не оқыдың? Үйің толы кітап. «Сол кітаппен салыстырдым. Мына ғалым былай депті, анау басқаша айтыпты» деу де қисынсыз. 14 мың жылдың ішінде қанша мыңдаған ғалым өтті. Олардың жазғандары, ой тұжырымдары бар. Қазіргі заманда соларды қайтадан ақтарып қарап отыратындай бізде ондай үлкен ғалымдар жоқ. Өмірлерін тек дінге арнап зерттеген ғалымдар жоқтың қасы. Біразы тер төгіп, зерттеу жүргізген ғалымдар да жетерлік. Солардың кітаптарын оқып, білім алып, салыстырып барып, содан кейін сөйлеңіз! Медресе бітіріп, кітап көп оқыса, бір жө. Жоқ, ондай адасып жүргендердің дені ештеңе оқымағандар. Тек қана тыңдаған. Кері білім тыңдап алып, кері жүргендер. Сөйтіп, имамдардікі, мүфтияттікі дұрыс емес деп шығады.

Кері ағымды халықтың ортасында фитна тастап, жастарды өздеріне бұрып алып кетіп жатқан бауырларымызға айтар едім: «Бұл жол қате!». Себебі, дін ислам «пайдалы білім ал!» дейді. Ол – бірінші халықыңа пайдалы болатын білім, елдің татулығы, жамағаттың тұтастығы. Былай екен ғой деп жастарды бөліп алып топ құрып, оларды ешкіммен араластырмай қою – тура жолдан адастыру. Нәпсісіне ергендер қыздарды алып талақ қылып, содан кейәін тастап кетіп жатыр. Белгілі бір топтың артында жүріп, біз кереметпіз деп, бірақ іске келгенде халықтан бөлініп, мешіттегі имамдардан бөлініп, елдің бәрін жамандап, «біз ғана тура жолдамыз!» дегендер таза адасушылар.

Жастардың кері ағымға қарсы иммунитетін қалыптастыру керек! Өйткені, кері ағымдардың көздегені ең бірінші — жастар. Біз барып мынау жат ағым деп айта берсек, кез келген нәрсе жарнама болып кетеді. Жалпы біз жастарға ислам дінінің негізі қандай, осы төңірегінде білімін жетілдіруіміз керек. Намаз, құран – бәрі адамды тәрбилейді. Құранды түгелімен жаттап алып, намазыңды қаза етпей, мешітте оқып, күнара ораза тұтып жүріп ата-анаңа деген мейрімің болмаса, ол да дұрыс ұстаным емес. Пайғамбарымыз хадисінде «Еліңе, жеріңе жаның ашымай зиян келтіріп жатсаң, ол жаттаған құраныңнан, қаза қылмаған намаздан не қайыр бар?» — дейді. Дін жолындағы жастарға айтарымыз: негізінен сыйластық, мейірімділік, қарапайымдылық, бауырмашылдылық, отан сүйгіштік сезім керек! Басқа бауырларымызға ақпарат насихат жүргілігенде, осы мәселеге көп тоқталуымыз керек.

Кері ағымдағылар салт-дәстүрді жоққа шығарады. Қазақ халқы тілі мен салт-дәстүрімен ғана ерекшеленеді. Сан ғасыр бойы ата-бабамыздан сақталып келе жатқан салт – дәстүрімізді сақтау – ол біздің иммунитетіміз болып табылады. «Мен осы ұлы даланың перзентімін, мен ұлық ата-бабамның ұрпағымын» деп ұлан-ғайыр жерімізді көзіміздің қарашығындай сақтап қалатын ұрпақ тәрбилеуіміз керек. Кезіндегі Алаш қайраткерлері ең әуелі медреселерден білім алған. Ол кезде әрине оқу орындары медресе болды. Ал, қазір жаппай медресеге алып келіңдер деуден аулақпыз! Мектепте, жоғарғы оқу орындарында оқып жүріп, қандай да бір дінге қатысты сұрақ туындаса, сол сұраққа сол жерде жауап беретін маман болу керек. Ауыл ма, қала ма, қайда болса да, сұраққа жауап беретін маман болу керек. Егер сұрайтын ешкімі болмаса, жауабын басқа жақтан іздеп кетеді. Интернеттен қарап, осының айтқаны дұрыс екен дейді. Себебі діни сауатсыздық адасушылыққа алып келеді. Екі жақты да бірдей алып жүретін зайырлылықты да дін мәселесін де көтере алатын сауатты, көзі ашық мамандар қажет.

Материал Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігінің  Қоғамдық келісім комитетінің «Радикалды діни көзқарастары бар (ерікті жамағаттар)адамдардың теологиялық оңалтуын ұйымдастыру» жобасы шеңберінде дайындалды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *