Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Өскелең ұрпақты діни экстремизм мен терроризм идеологиясынан сақтандыру жолдары

АСТАНА, 13  желтоқсан. Бейбітшілік пен татулықты арқау еткен мемлекеттің билігін күйретуге әсер ететін бүгінгі таңда бүкіл әлем бойынша жаһандық мәселе – терроризм.  Қазіргі уақытта, терроризм мен экстремизмнің таралу қаупі еліміздің қауіпсіздігіне төнетін шынайы қауіпке айналып отыр.  Біз діни құндылықтар туралы білмейінше, халықтың мәдени тұтастығын қалыптастыруғы құндылықтар рөлін анықтай алмаймыз. Діни құндылықтар – ұлт үшін немесе жеке адам үшін қасиетті  сенімдер жүйесі.  

 Діни экстремизм – діни дұшпандылық  пен жек көрушілікті қоздыру мақсатымен  Мемлекеттің аумақтық бүтіндігін  немесе егемендігін бұзуға және мемлекеттік құрылысты өзгерту мен билікті күшпен басып алуға бағытталған діни негізделген қызмет.  «Террор» сөзінің мағынасы латын тілінен аударғанда «қорқыныш», «үрей»  деген ұғымды білдіреді.

Терроризмнің обьектісі – қоғамның қауіпсіздігі болып табылады. Қосымша обьектісі – адамдардың өмірі мен денсаулығы. Сондықтан, терроризмді көп обьектілі қылмыс түріне жатқызады. Қылмыстың обьективтік жағы – жарылыс жасау, өрт қою немесе адамдардың қаза болуы, елеулі мүліктік зиян келтіру не қоғамға қауіпті өзге де зардаптардың туындау қауіпін төндіретін өзге де іс-әрекеттер жасау. Субъективтік жағынан терроризм тек қана тікелей қасақаналықпен жасалады. Терроризм мен экстремизм үшін қылмыстық жауаптылық  ҚР ҚК-нің 255-260 баптарында көзделген, соның ішінде терроризм актісін жасау, терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру, террористік топ құру, оған басшылық ету және оның әрекетіне қатысу, экстремистік немесе террористік әрекетті қаржыландыру және терроризмге не экстремизмге өзге де дем берушілік, террористік не экстремистік әрекетті ұйымдастыру мақсатында адамдарды азғырып көндіру немесе даярлау не қаруландыру, террористік немесе экстремистік даярлықтан өту үшін қылмыстық жауаптылықтар заңмен қарастырылған.  Мысалы, террористік топ құру, оған басшылық ету және оның әрекетіне қатысу үшін ең қатаң жазасы – он бес жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделсе, терроризм актісін жасаған үшін он бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не өмір бойына бас бостандығынан айыруға не өлім жазасына жазалануы көзделген.

Сонымен қатар заңмен кейбір жағдайлар бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылатын мән-жайлар көзделген. Терроризм актісін дайындауға қатысқан адам, егер ол мемлекеттік органдарға дер кезінде ескертуімен немесе өзге тәсілмен терроризм актісін болғызбауға септігін тигізсе және егер оның іс-әрекетінде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

Қазақстан аумағында ертеден тамырын терең жайған ислам діні тәуелсіздіктен соң қайта түлеп, қазір елдің коғамдық-саяси өміріндегі өз орны мен маңызын айшықтай түсуде. Ислам жергілікті халықтардың сенім жүйелерімен, құқықтық және адамгершілік заңдылықтарымен, философиясымен, мәдениетімен араласып әрі олардың әсеріне ұшырай отыра, өзі де ықпалын тигізді. Соның нәтижесінде ол өзі тараған аумақтардағы  халықтардың  салт-санасына етене кіріп, діни-рухани, мәдени құндылықтарының біріне айналды. Ислам діні адамзатты бейбітшілікке, татулыққа, ынтымаққа, ізгілікке, әділдікке, тазалыққа, тура жолға үндейді. Осы дінді ұстанудың, бабалар дәстүрін жалғастырып, халықтар арасындағы ынтымақ пен бірлікті нығайтудың, өскелең ұрпақты оған тәрбиелеудің демократиялық негізгі бағыты мен маңызы Ата Заңымызда көрсетілгендіктен де біз зайырлы мемлекеттер қатарына жатамыз.

Елбасы Н. Назарбаев «Қоғамда, әсіресе жастар арасында діни экстремизм профилактикасын күшейтуіміз керек»  деп атап көрсеткендей,  дінаралық татулық пен ауызбіршілікте өмір сүру үшін ұлттың салт-санасын терең меңгертуіміз керек.  Сондықтан, жастардың рухани-танымдық жан дүниесін байыту және тәрбиелеу  үзіліссіз, жүйелі түрде жүргізілгені дұрыс. Қоғамның діни өмірінің өзіндік ерекшеліктерін жастарға жеткізіп отыру қажет.

         Байсалбаева Нұргүл Аманкелдіқызы
«Жас өркен» колледжі  директорының
тәрбие ісі жөніндегі  орынбасары
Қызылорда қаласы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *