Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

ИМ «сары жилеттер» манифестациясын көздеп отыр — сарапшы

АСТАНА, 15 желтоқсан. «Ислам мемлекеті» (ИМ) және «Аль-Каида» халықаралық террористік топтар Франциядағы «сары жилеттер» манифестацияларына шабуыл жасауды көздеп отыр, деп Еуропалық Стратегиялық зерттеулер мен қауіпсіздік орталығының жетекші сарапшысы Евгения Гвоздеваға сілтеме жасай отырып РИА Новости хабарлайды.

«Соңғы екі апта ішінде болған ИМ-тінің (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) және «Аль-Каиданың» (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) насихаттау мәлімдемесі «сары жилеттер» манифестациясын тек қана «зияткерлік жихад» үшін ғана емес, шабуыл үшін тартымды нысана деп қабылдайтының айғақтайды», — деп РИА Новостиге сарапшысы хабарлады.

Сарапшының айтуынша,Париждегі «сары жилеттердің» манифестациясына қарсы террористік шабуыл жасамақ болған деген күдікпен екі ислам радикалының ұсталуы осыған дәлел болады.

«Осындай елеулі наразылық қозғалысының болуы террористік топтар тарапынан француз мемлекетінің әлсіздігі мен басы бірікпеушілігі деп түсіндіріледі», — деді сарапшы.

«Сары жилеттер» сенбі күні Парижде келесі акциясын өткізеді. Билік саясатына келіспей, бензин бағасының жоспарлы өсуіне, сондай-ақ сатып алу қабілетінің төмендеуіне байланысты 17 қарашадан бастап «сары жилеттер» көшеге шығып наразылық білдірді. Олардың бастапқы талаптары бензин бағасының төмендеуі болды, содан кейін оған бірқатар басқа талаптар да қосылды. Ірі наразылық акциялары демонстранттар мен полиция арасындағы қақтығыстар, аласаттармен, көліктердің өртеуімен, дүкендер мен банктерді қиратуымен болды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *