Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Сенат төрағасы есірткі бизнесін терроризммен теңестіруді ұсынды

Астана, 23 желтоқсан. Наркодиллерлерге қатысты жазаны өмір бойы бас бостандығынан айыруға дейін қатайту керек. Ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіруі жағынан есірткі бизнесі мен террористік әрекет тең, деп Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев осындай пікір білдірді, деп Baribar.KZ сайты хабарлайды.

Сенат төрағасының айтуынша, есірткі бизнесі мемлекеттің ұлттық мүддесіне қауіп төндіреді, сол себепті бұл заңсыз қызметті терроризммен тең деп қарастыру қажет. Өте өзекті тақырып. Бізге, сенаторларға, есірткі таратушыларға қатысты сот қудалауын қатайтуға қол жеткізу керек. Мүмкін, өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасына дейін. Немесе одан да қатаң жаза қолдануға болады, себебі бұл мәселе мемлекеттің ұлттық мүддесін қорғаумен қабысып жатыр, оны террористік қызметпен теңестіруге де болады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, 20 желтоқсан күні Парламент Сенатының депутаттары жалпы отырыста ҚР “ҚР кейбір заңнамалық актілеріне есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар айналымын бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заң жобасын мақұлдады. Сенаттың конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары жөніндегі комитетінің мүшесі Владимир Волков нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрес Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясатының негізгі басымдықтары қатарына жатқызылғанын мәлімдеді

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *