Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Қазақстан Сириядан азаматтарды қайтару арқылы қауіпсіздік мәселелерін шешіп отыр — Қарин

АСТАНА, 9 қаңтар. Сириядан Қазақстан азаматтарын қайтару арқылы біздің мемлекет гуманитарлық мәселелермен бірге, қауіпсіздік мәселелерін де шешіп отыр. Қақтығыс аймақтарынан 47 Қазақстан азаматының оралуына қатысты белгілі саясаттанушы Ерлан Қарин осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл — үлкен маңызды гуманитарлық іс-шара. Себебі, әскери іс-қимылдар, үлкен қақтығыстар орын алып отырған аймақтан біздің азаматтарды елге қайтару — әртүрлі мекемелердің бірлескен қажырлы еңбегін талап еткен ауқымды іс-шара болды. Бұл жұмысты біздің тиісті органдар жоғары дәрежеде ұйымдастыра білді. Ең бастысы, қақтығыс аймағынан, әсіресе әйелдер мен балалардың қайтарылуы — үлкен сауапты іс. Өйткені, азаматтардың ол аймаққа не себепті, қандай мақсатта барғаны бір бөлек әңгіме болса, әйелдер мен балалар көп жағдайда белгілі бір жағдайлардың салдарынан, амалдың жоқтығынан, өз таңдауынсыз, өз еріктерінен тыс сондай жағдайларға душар болды», — дейді саясаттанушы.

Ерлан Қаринның айтуына қарағанда, мемлекет тарапының осындай жағдайларға түсіністікпен қарап, тез арада азаматтарының елге қайтарылуын қамтамасыз етуі — біздің мемлекеттің өз азаматтарына деген жауапкершілігін білдіреді.«Негізінен бұл шараның ұйымдастырылуы қай жағынан болса да, дұрыс болды. Себебі, қақтығыс аймағынан азаматтарды, әсіресе балаларды алып келу — радикалды күштердің біздің елге қарсы әрекеттері мен мүмкіндіктерін азайтып отыр. Қанша дегенмен өз азаматтарымызды елге қайтарып, бейімдеу мүмкіндігіне ие болдық.

КНБ РК

Біз осылайша, гуманитарлық мәселелермен бірге қауіпсіздік мәселелерін де шешіп отырмыз», — дейді ол. Саясаттанушы өз сөзінде атап өткендей, қақтығыс болып жатқан аймақтардан оралған азаматтар белгілі бір уақыт аралығында карантинде болады. Яғни олар бейімдеу орталықтарына орналастырылады.

«Осы уақыт ішінде бір жағынан медицина қызметкерлері қайтарылған азаматтардың денсаулығына бақылау жасайды. Өйткені, инфекциялар немесе әртүрлі жұқпалы аурулары барлар болуы мүмкін. Сондықтан, бір ай ішінде тиісті бақылау жасау кезінде қандай да бір медициналық көмек қажет болатын болса, сол көмектер көрсетіліп, психологтар мен теологтар, басқа да мамандардың бірлескен жұмысы жүргізілуі керек. Содан кейін олардың құжат мәселесі бар. Олар өз еліне бос қолмен келіп отыр. Кейбір балалардың керек десеңіз, тиісті құжаттары да жоқ. Сондықтан, осындай мәселелермен тиісті мамандар айналысады. Бұл қай жағынан болса да, дұрыс қадам. Әрине, бұл ретте біздің арнаулы қызметтердің де еңбегін атап өту керек. Жоғары деңгейдегі халықаралық операцияның ұйымдастырылуы біздің әскери арнаулы қызметтердің біліктілігін, дайындықтарын да көрсетіп отыр», — дейді Ерлан Қарин.

Бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан азаматтарын Сириядан эвакуациялауға байланысты мәлімдеме жасаған болатын. Мемлекет басшысы өз сөзінде атап өткендей, 6 қаңтарда құқық қорғау органдары мен Сыртқы істер министрлігі жүргізген гуманитарлық шара нәтижесінде Сириядан 47 азаматымыз, соның ішінде 30 бала елімізге қайтарылған.

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *