Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Елордада үй кіреберістерінде есірткі заттарын жарнамалаған адамды ұсталды

АСТАНА, 16 қаңтар. Астанада синтетикалық есірткі заттарын интернет желісі арқылы таратумен айналысқан Алматы қаласының тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Астана қаласында есірткі тарату фактілеріне көз жұмбай қараған қоғамның белсенді көмегіне байланысты есірткі бизнесіне қарсы күрес қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында елордада есірткі заттарын сату, оған адамдарды тартумен айналысатын сайттарды анықтау жұмыстары жүргізілді.

«Жақында қала үйлерінде синтетикалық есірткі заттарын сататын сайттардың мекенжайын жазу фактілері пайда болды. Полицейлер аталған есірткінің денсаулыққа өте зиянды және оған тәуелділік бірінші рет қолданғаннан-ақ болатынын түсіндірді. Сондай-ақ заңсыз сурет салған тұлға ұсталды. Жолданған видео мен қоғамның осы мәселеге белсенді көңіл бөліп, көмектесуімен аталған азамат анықталып, ұсталды. Ол 32 жастағы Алматы қаласының азаматы «Ж» болып шықты. Бұрын-соңды заңсыз есірткімен байланысты қылмыстық теріс әрекет жасағаны үшін жауапкершілікке тартылған», — делінген хабарламада.

Есірткі сатушылар оны тарату және сату үшін көптеген қулықтарды ойлап табуда. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 423 бабы мен 505 бабы «Қаланың ішкі құрылымына зиян келтіру» баптарына сәйкес көрсетілген суреттер заңсыз. Ұсталған тұлғаға 150 АЕК айыппұл салынды.

2018 жылдан бері 120-ға жуық сайт жабылды. Көбінесе интернет-портал туралы ақпарат халықтан келіп түседі. Ол сайттарды жабу процессін неғұрлым жылдамдатады.

Астана қаласы Полиция департаменті ұсталған тұлғаға қатысты ақпарат болған жағдайда Астана қаласы Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының анонимді телефондарына хабарласуды сұрайды: 71-63-93, 71-62-60, немесе 102.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *