Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде жұмыс атқарған уақытында терроризмге қарсы күресте маңызды үлес қосты

АСТАНА, 22 қаңтар. Қазақстандық азаматтардың Сириядан қайтарылуы халықаралық деңгейде жоғары бағаланды, деп хабарлайды Хабар 24 агенттігі.

Байқаушылар БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі жұмысында біздің еліміздің терроризммен күресте белсенді ұстанымына құрметпен қарайды. Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде атқарған ісінің шынайы мұрасы – бұл терроризмнен азат әлемге қол жеткізу үшін жүріс-тұрыс Кодексінің қабылдануы болды.

«Біз Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде жұмыс істегеніне мақтанамыз. Екі жыл ішінде ол Орталық Азияда ғана емес, бүкіл Азия мен әлемде бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге үлкен және маңызды үлес қосты. Негізгі жетістіктердің бірі терроризмнен азат әлемге қол жеткізу үшін жүріс-тұрыс Кодексінің қабылдануы болды. Бұл әлемнің барлық бөліктерінде ризашылықпен қабылданды және мен Қазақстанның басшылығын осы бастамамен құттықтаймын. Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде бітімгершілік мәселелері мен профилактикалық дипломатияда өте белсенді болды», — деді Сингапурдың БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Бурхан Гафур.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *