Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Оралда бомба туралы жалған ақпарат берген әйел ұсталды

ОРАЛ, 28 қаңтар. Өткен жексенбі күні шамамен сағат 14.00-де Орал қаласының полиция бөлімшесінің жедел басқару орталығының «102» операторына әйел қоңырау шалып, Абай полиция бөлімшесінде бомба орнатылды деп хабарлады. Бұл туралы БҚО полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Zakon.kz хабарлайды.

Оқиға орнына төтенше жағдайлар бойынша барлық қызметтер дереу келіп жетті. Саперлар ғимаратты тексерді, жарылғыш құрылғы табылмады.

БҚО ПД экстремизмге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасы нәтижесінде 1985 жылы туылған Орал қаласының тұрғынын анықтап ұстады. Ұсталған әйел қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабына сәйкес Орал қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің 273-бабы(Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау) бойынша алдын ала тергеу басталды.

Белгілі болғандай, ол бұрын-соңды дәл осындай қылмыс үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған, бірақ одан ешқандай қорытынды жасамады.

Бес мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бес жылға дейінгі мерзімде бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Естеріңізге сала кетейік, Сіз «бомба» туралы хабарлау арқылы қоғамдық қауіпсіздікке қол сұғып, мекемелердің қалыпты қызметін бұзып, елеулі күштер мен құқық қорғау органдарының күштері мен қаражаттарың таратып, нақты азаматтардың мүдделеріне зиян келтіресіз.

Сіз «бомба» (терроризм актісі) туралы бұрыс ақпараттарды хабарлаған соң, қылмыс аяқталған болып саналады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *