Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Американдық шекарашылардың шамамен 300 килограмм есірткі тапты

АСТАНА, 01 ақпан. Американдық шекарашылар қияр әкеле жатқан жүк машинасында шамамен 4,6 миллион доллар тұратын фентанил және метамфетаминнің рекордтық партиясын тапты, деп хабарлайды РИА Новости АҚШ-тың Кеден және шекаралық бақылау Бюросына сілтеме жасай отырып.

«Бюро қызметкерлері қияр толған жүк көлігінің арнайы бөлігінде жасырылған 400-ден астам есірткі заты бар қаптама тапты … Есірткі заттарын іздеуге арнайы дайындалған ит сигнал бергеннен кейін, бюро қызметкерлері шамамен 3,5 миллион долларға жуық шамамен 115 келі фентанилді және шамамен 179 кг құны 1,1 миллион долларға бағаланған метамфетаминді алды», — делінген құжатта.

Бұл Аризона штатындағы Ногалес қаласындағы бақылау бекетінде болған. Жүк көлігін Мексиканың тумасы айдаған болды, делінген хабарламада.

АҚШ-тың президенті Дональд Трамп операцияны мақтады, ол өз Twitter-інде шекарашыларға жақсы жұмыс үшін алғысын білдірді.

Фентанилдің қауіптілігі «феноменальды рентабельдігінде»: заттың тасымалдануы оңай, өйткені героинмен бірдей бағада ол әлдеқайда көп әсер етеді, заттың бір ғана мөлшерінен көбірек есірткі дозаларын дайындауға болады.

Белгілі американдық музыкант Принс (нақты аты Принс Роджерс Нельсон) 2016 жылы фентонилдің артық дозаланған мөлшерінен қайтыс болды, ал 2018 жылдың қарашасында американдық рэпер Mac Miller фентанилді, кокаин мен алкогольді араластырудан қайтыс болды. Фентанилдің таралуы Құрама штаттарда федералды бақылауда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *