Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Атыраулық 25 студент шетелдегі күмәнді оқу орындарында білім алып жүр

АТЫРАУ, 07 ақпан. Атырау облыстық Дін істері басқармасының мәліметінше, 25 атыраулық студент шетелдегі күмәнді оқу орындарында білім алып жүр. Сарапшылардың пікірінше, жас қазақстандықтар дәстүрлі емес исламдық ағымдардың құрбаны болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атыраулық 25 студент шетелдегі күмәнді оқу орындарында білім алып жүр. «Оларға терроризмге қарсы иммунитет қалыптастыру мақсатында насихат жұмыстары жүргізілгенімен, Отанға қайтару әзірге мүмкін болмай отыр»-, деді облыстық Дін істері басқармасы өкілдері.

Жат ағымдардың артында кеткендердің 15-і Мысырда, 9-ы Сауд Арабиясында, 1-і Йеменде білім алып жатқан көрінеді. Олар оқып жүрген оқу орындары еш жерде тіркелмеген, жасырын ашылған. Әрі бітірген соң ешқандай сертификат не диплом бермейді. Соған қарамастан жастар діни көзқарастарын дамытамын деп жолға шығады. «Араларында алданып баратындар да бар»,- дейді мамандар.

«Ата-аналарына олар айтпайды. Өйткені, олар: «Оқу орнына бара жатырмын. Ислам оқу орындарын үйренемін»,- деп кетеді. Біреулер білмей барады. Үміттеніп барады ол оқу орны ресми деп, бірақ барған кезде байқайды. Олардың ата-аналарымен жолығып, хабарласып жатса, бері қарай қайтаруды үгіттеп жатырмыз», — деді Атырау облыстық Дің басқармасының бөлім бастығы Қаһарман Мұсаев.

Дін істері басқармасы оларды елге қайтарғанның өзінде ол идеологиядан арылмаса, қауіпті деп отыр. Айта кетейік, басқарманың ресми дерегі бойынша, бүгінде аймақта 3 мыңға тарта азамат жат ағымның жетегінде жүр. Оңалту жұмыстарының арқасында салафиттік бағытты ұстанып келген 106-сы дәстүрлі діни көзқарасқа қайтарылыпты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *