Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Терроризммен күрес шараларына бөлінген қаржы қолды болды

ҚЫЗЫЛОРДА, 09 ақпан. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бюджет қаржысын жымқырған тағы бір қызметкерді ұстады, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

Қоғаммен байланыс департаментінің директоры Арман Бердалиннің айтуынша, Қызылорда облысы ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

«Ол діни экстремизм және терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның шеңберінде азаматтарды діни ағарту бойынша іс жүзінде жасалмаған жұмыстар үшін 2,1 миллион теңгені қоғамдық қорға аударған. Сөйтіп, лауазымын теріс пайдаланғаны үшін күдікке ілініп отыр. Тергеу жалғасуда», — деді Бердалин.

Айта кетейік, бүгін агенттік Маңғыстау облысының денешынықтыру және спорт басқармасы басшысының қамауға алынғанын жариялады. Ол мемлекет мүддесіне 1 миллиард теңгеден астам сомаға залал келтірген. Бұдан бөлек, ағайынды Рысқалиевтердің сыбайласы қамауға алынды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *