Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Британдық полиция қызметкерлері есірткі заты бар кәмпиттерді тәркіледі

АСТАНА, 14 ақпан. Ұлыбританияда балаларға сатуға арнайы дайындалған есірткі заты бар кәмпиттердің партиясы тәркіледі. Бұл туралы Lenta.Ru BBC News-ке сілтеме жасап хабарлаған.

Қауіпті тәттілер Кент графствосында табылды. Полицияда айтылғандай, құқық қорғау органдарының қызметкерлері 12 ақпанда кешке Грейвзенд қаласында күдікті машинаны тоқтатты. Іздестіру барысында мармелад салынған қалташаларға толы сөмкені тапты. Түрлі-түсті кәмпиттерде есірткі заттары бар, және де олардың орамаларына қарай арнайы балаларға дайындалғаны айқын көрінеді, деп хабарлады полиция.

Құқық қорғаушылар сондай-ақ жасы шамамен 20 адамды ұстады. Ол сатуға арналған «А» класындағы есірткі заттарын сақтады деген күдікке ие. Бұған қоса, ол тыйым салынған заттардың әсерінде болып көлік басқарды деп айыпталады. Жігіт тергеу амалдыры уақытына босатылды.

Ұлыбританияда «А» классты есірткі заттарына крэк, кокаин, экстази, героин, ЛСД, метадон, метамфетамин және галлюциногенді саңырауқұлақтар жатады.

2018 жылдың қараша айында АҚШ-та бес жасар бала Хэллоуин алдында көршілердің үйіне барып тәттілік жинап, жегеннен кейін ауруханаға түсті. Бала өзің мерекелің тәтті- мармелад тістерін жеп болған соң жаман сезінген. Дәрігерлер оның несебінде метамфетаминді тапты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *