Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Үкімет басшысы «Жусан» операциясы туралы фильм түсіруге пікір білдірді

АСТАНА,  20 ақпан. «Жусан» операциясы туралы фильм түсіру үшін мәселені егжей-тегжейлі зерттеп, мұқият пысықтау қажет. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының ресми сауалына берілген ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

«Бүгiнгi таңда «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» акционeрлiк қоғамы Мәдениет және спорт министрлігімен және мүдделі мeмлeкeттiк органдармен бiрлeсiп, жоғарыда көрсeтiлгeн «Жусан» операциясы туралы шытырман оқиғалы, көркeм-дeрeктi, партиоттық фильм шығару жөніндегі мәсeлeнi пысықтауда. Сонымен қатар мұндай фильмді жасау белгілі бір елдердің қатысуына байланысты бірқатар елеулі мәселені қозғайды және мұқият пысықтауды талап етеді. яғни, жоспарланып отырған киножобаның сюжeттiк жeлiсiн құру үшін Сирия аумағындағы айқас ортасында қалған бiздің отандастарымызды шығару акциясын еткiзугe себеп болған мән-жайларды көрсету қажет», — деп атап өтеді Үкімет басшысы.

Оның айтуынша, 2019 жылғы 6 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Iшкi iстeр министрлiгi және Қорғаныс министрлiгi «Жусан» атауымен жүргізген арнайы операцияның нәтижeсiндe Сириядан Қазақстанның 47 азаматы, оның iшiндe 30 бала елге жеткізілді. Қазақстанның халықаралық терроризмге қарсы күрес iсiндe жүргізіп жатқан бeлсeндi сындарлы сыртқы саяси жұмысының нeгiзiндe осы гуманитарлық операция бiрнеше айдың iшiнде Мемлекет басшысының жоғары беделiнiң арқасында жүргiзiлдi және әзірленді. Қазақстандық азаматтар Сирия аумағында «сириялық демократиялық күштерге» өз еркімен берiлдi және қазақстандық арнайы қызметтер мен әскери транзиттiң қатысуымен үшінші елдер арқылы Қазақстанға шығарылды.

«Сыртқы iстер министрлiгiнiң ақпараты бойынша отандастарымыздың елге оралу процесi әлі күнге дейiн аяқталмаған. Осыған байланысты, қауіпсіздік мақсатында осы топтың табылуы мен шығарылуының жай-жапсары ашылмайды. Өз кезегінде жастардың патриоттық және рухани тәрбиесіне оң әсер ететiн сапалы фильм дайындау максатында бұл мәселенi егжей-тегжейлі зерттеп және мұқият пысықтау қажет. Осыған байланысты, Мәдениет және спорт министрлігіне мүдделі мемлекеттiк органдармен бiрлесiп осы мәселенi талқылау және көтерген мәселе бойынша жан-жақты талдау жүргiзу тапсырылды», — деді Б.Сағынтаев.

Естеріңізге сала кетсек, 9 қаңтарда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Сириядан Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бойынша гуманитарлық операцияға байланысты мәлімдеме жасады. Онда Мемлекет басшысы құқық қорғау органдары мен Сыртқы істер министрлігі жүргізген гуманитарлық шара нәтижесінде Сириядан 47 азаматымыз, соның ішінде 30 бала елімізге қайтарылғанын атап өтті.

Осыдан кейін Парламент Мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтанов «Жусан» операциясы негізінде деректі, патриоттық тәрбиедегі көркем фильм түсіру туралы ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың атына депутаттық сауал жолдаған еді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *