Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

ЕО мен Араб мемлекеттері лигасының саммиті өтті

АСТАНА, 25 ақпан. Египетте тұңғыш рет Еуроодақ мемлекеттері мен Араб мемлекеттері басшыларының саммиті өтті, деп хабарлайды Islam Today.

Саммит жұмысына екі аймақтық қауымдастықтың 50-ге тарта мемлекет президенттері, үкімет, Сыртқы істер министрліктері басшылары мен ресми өкілдер келді. Жиында талқыланатын басты тақырып – терроризмге қарсы күрес және заңсыз миграция мәселелері. Саммит қатысушыларының алдында Египет президенті Абдель Фаттах ас-Сиси шараны екі ұйым ынтымақтастығының тарихи сәті деп бағалады.

Айта кету керек, саммит қорытындысы бойынша бірлескен мәлімдеме қабылданбады. Себебі құжаттың бірнеше бөліміне, оның ішінде миграция мәселесіне Венгрия мемлекетінің өкілдері қарсылық білдірді. Осыған байланысты бірлескен құжатті әзірлеу жұмыстары жалғасуда.

Алдын ала болжам бойынша еуропалық және араб мемлекеттері басшыларының құжатында Сирия мен Йемендегі қарулы қақтығысты реттеу, Таяу Шығыстағы жалпы жағдайды бейбіт жолмен шешуді күшейті міндеттелмек.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *