Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Стамбулда Күрдістан жұмысшылар партиясының 11 содыры ұсталды

АСТАНА, 28 ақпан. Стамбул полициясы қаланың төрт ауданында арнайы операция өткізіп, нәтижесінде террористтік Күрдістан жұмысшылар партиясының 11 содырын тұтқындады, деп түрік БАҚ-тарына сілтеме жасап Trend хабарлайды.

Ұсталғандар алдағы муниципалдық сайлау кезінде террористік шабуылдарды жоспарлады делінген.

Түрік БАҚ-тарының хабарлауынша, Түркияның шығыс аймақтарында Күрдістан жұмысшылар партиясының террористеріне қарсы арнайы операциялар жүргізілді.

Түркиядағы муниципалдық сайлау 2019 жылғы 31 наурызда өтеді.

Елдегі муниципалдық сайлау әр бес жылда бір рет өткізіледі.

Тәуелсіз Күрд мемлекет құруды талап ететін Түркия мен Күрдістан жұмысшылар партиясы арасындағы қақтығыстар 35 жылдан астам уақытқа созылды және 40 мыңнан астам адамның өмірін қиды. Күрдістан жұмысшылар партиясы Біріккен Ұлттар Ұйымымен және Еуропалық Одақпен террор ұйымы деп танылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *