Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Мәскеуде «Мега Теплый Стан» сауда үйі «миналанды» деген қаупімен көшірілді

АСТАНА, 03 наурыз. Мәскеудегі Теплый Стан ауданыңдағы «Мега» сауда орталығы «миналау» туралы хабарлама түскеннен кейін көшірілді, оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр, деп төтенше жағдайлар жөніндегі мекемеге сілтеме жасап РИА Новости хабарлайды.

Теплый Стандағы «Мега» сауда орталығында жарылғыш зат бар екенің белгісіз адам телефон арқылы хабарлады, полиция жұмыс жасап жатыр», — деп агенттіктің сұхбаттасы хабарлады.

ТЖМ-нің елордалық бас басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, сауда орталығында құтқарушылар да бар.

Қаңтар айында Ресейде «миналау» туралы хабарлар мен қоңыраулардың жаңа толқыны басталды, Қиыр Шығыстан оңтүстік және солтүстік-батыс аймақтарға дейінгі қалаларды қамтыды.

Мұндай жағдай бір жыл бұрын болған. Ол кезде «миналау» туралы жаппай қоңырау шалу 2017 жылдың 11 қыркуйегінен басталды, Ресейдің 85 өңірінің 75-інде болды.

ФҚҚ мәліметтері бойынша, тек Мәскеуде ғана «миналаудан» шығын 150 миллион рубль болды. Барлығы ел бойынша мыңдаған сауда орталықтарынан, станциялардан және басқа да нысандардан шамамен 2 миллион адам эвакуациаланды. Жарылыстар қаупі бір де бір рет расталмады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *