Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Тоғыз полиция қызметкері Мьянмадағы шабуылда қаза тапты

АСТАНА, 10 наурыз. Мьяманның Ракхайн қаласында «Аракан әскері» (АА) қозғалысының содырлары полиция бөліміне жасаған шабуылы нәтижесінде 9 полиция қызметкері өлтірілген, деп хабарлайды РИА Новости жергілікті «Eleven» газетіне сілтеме жасай отырып.

Шабуыл елдің батысындағы Поннагюн қаласында орын алды.

«Полицияға шабуыл жасалды. Құрбан болғандар туралы хабарлар бар. Тергеу амалдары жүргізілуде», -деп полиция өкілі Маунг Маунг Соудің сөзін газет жариялады.

Рохинджа мұсылмандары тұратын Ракхайн штатындағы жағдай 2017 жылдың 25 тамызында шиелене түсті. «Рохинджаны кұтқару Аракан әскері» қозғалысының содырлары кем дегенде 30 полиция бекетіне шабуыл жасады, содан кейін Мьянма билігі аймақта күштік жұмыс істей бастады. Қақтығыстар нәтижесінде 400 адам қаза тапты. Салдарынан 600 мыңнан астам бейбіт тұрғындар үйлерің тастап Бангладеш шекарасындағы аймақтарға бет алды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *