Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Брюсселде мұражайға шабуыл жасаған террорист өмір бойы бас бостандығынан айырылды

АСТАНА,  12 наурыз. 2014 жылы Брюссельдегі еврей мұражайында төрт адамды «террористік контексте» өлтіргені үшін алқабилер сотымен айыпты деп саналған, шығу тегі алжир Француз азаматы Мехди Неммуш өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасына кесілді, деп хабарлайды РИА Новости RTBF телерадиокомпаниясына сілтеме жасай отырып.

Бұл шешімді сейсенбіге қараған түні сот алқасы қабылдады.

Екі айға созылған Брюсселдегі сот процесінде Неммушқа 2014 жылдың мамырында ол мәдени орталық ғимаратындағы адамдарға автоматтан оқ жаудырды деп айып тағылды. Сол кезде екі турист — Израильден келген ерлі-зайыпты және екі мұражай қызметкері қаза тапты. 33 жастағы Неммушпен бірге сот алдына оның сыбайласы Насер Бендрер де келді. Ол сондай-ақ кінәлі деп танылды.Ол Неммушқа қару жеткізгені үшін сыбайласы деп танылып, 15 жылға сотталды.

Неммуштың үкім жарияланғанға дейінгі күлімсіреп айтқан соңғы сөзі «өмір жалғасуда» деген сөз болды. Қорғау айыпталушыға қатысты үкiмнiң сотталушының өзiнiң шешiмiне сәйкес шағым жасалмайтынын жариялады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *