Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ресей және Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің өкілдері ИМ-мен күресті талқылады

АЛМАТЫ, 12 наурыз. Терроризмге қарсы күрес саласындағы халықаралық ынтымақтастық мәселелеріне жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары деңгейінде екіжақты консультациялардың үшінші раунды өтті. Бұл туралы EADaily агенттігі Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровқа сілтеме жасап хабарлады.

Қазақстан делегациясын Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев, Ресей тарапын Сыртқы істер министрінің орынбасары Олег Сыромолотов басқарды.

Тараптар ИМ және басқа да халықаралық террористік ұйымдарға қарсы іс-қимыл, шетелдік террорист-жауынгерлер, контртерроризм саласындағы екіжақты ынтымақтастық, радикалдану, сондай-ақ Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығы шеңберінде есірткіге қарсы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.

Сонымен қатар, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Терроризмнен азат әлемге қол жеткізу жөніндегі тәртіп кодексін қабылдау туралы бастамасының маңыздылығы мен өзектілігі атап өтілді.

Тараптар терроризмге және есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастықты жалғастыруға келісті.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *