Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

ФҚҚ: ДАИШ лаңкестері Ауғанстанда «халифат» орталығын құруға тырысуда

АСТАНА, 15 наурыз. Лаңкестер Ауғанстанның солтүстігінде белсенділік танытып, шекарадағы оқиғалар жиілеп кетті, деп Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы аймақтық лаңкестікке қарсы құрылым кеңесі отырысының қорытындысы бойынша журналистерге Ресей Федерациясының Федералдық қауіпсіздік қызметінің директорының бірінші орынбасары генерал Сергей Смирнов айтты, деп РИА Новости хабарлады.

«Лаңкестік топтар диверсиялық және лаңкестік әрекеттерің айтарлықтай күшейтіп, Ауғанстанның солтүстік аймақтарында өз позицияларын нығайтты. Шекарадағы қарулы оқиғалар жиі болды», — деді Смирнов.

«Сирия мен Иракта болған шығындарды есепке ала отырып, ДАИШ (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) «халифаттың» жаңа қолдау орталықтарын құру жолдарын іздеуге мәжбүр. Ауғанстанның солтүстігіндегі ДАИШ-тың күшейуі таяу болашақта аймақтық қауіпсіздікке үлкен қауіп төндіруі мүмкін», — деді ол.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *