Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Төзімділік және экстремизмге қарсы күрес. Имам-хатыбтарға арналған тренингтер өтті

АСТАНА, 16 наурыз. 12-14 наурыз аралығында «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ-нің басқарма төрағасы А.З. Оразбаев және Оқу-әдістемелік орталығының басшысы М.М. Мадиярова құрамындағы лекториялық тобы Қызылорда, Түркістан және Тараз қалаларының имам-хатыбтарына арналған «Төзімділікті дамыту және зорлық экстремизмді насихаттауға қарсы күреске арналған заманауи құралдар» тақырыбында тренингтер өткізілді. Сапарларды «Соғыс және бейбітшілікті баяндау институты» халықаралық ұйымы және «Ақниет» қоғамдық қоры ұйымдастырды, деп хабарлады «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ-нің баспасөз қызметі.

Дәрістердің мазмұны тыңдаушылардың үлкен қызығушылығын тудырды, кездесулер барысында көтерілген мәселелер қазіргі жағдайда өте маңызды, сондықтан осындай тренингтерді жалғастыруға тілек білдірілді. Алдын алу-профилактикалық жұмыстың тактикасы мен тақырыптарынан деструктивті діни ағымдардың мүшелерімен жекелеген оңалту жұмыстарын жүргізу әдісіне дейін.

Бұдан басқа, әкімдіктер мен құқық қорғау органдарының өкілдерімен кездесулер барысында «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ-нің әлеуетін осы аймақтардағы алдын алу- профилактикалық және оңалту жұмыстарын ұйымдастыруда пайдалану туралы келісімге қол жеткізілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *