Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Санкт-Петербургте ИМ жәрдем көрсетті деп Өзбекстан азаматшасы айыпталуда

АСТАНА, 21 наурыз. Санкт-Петербургте террористік қызметке көмек көрсетті деп айыпталған әйелге қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды. Тергеу болжауы бойынша Өзбекстанның 40 жастағы азаматшасы шетелдегі заңсыз топтарды қолдау үшін ақша аударған. Бүгін, 21 наурызда, оның ісі сотқа шығарылды, деп хабарлайды Комсомольская правда.

«2016 жылдың маусым айынан бастап 2017 жылдың қазанына дейін айыпталушысы түрлі адамдардан ақша алған, олардың кейбіреуі тыйым салынған «Ислам мемлекеті» (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) террористік ұйымының мүшесі. Кейін ол осы қаражатты жеке банк шотынан Түркия мен Әзірбайжанға аударған», — деп хабарлады Санкт-Петербургтің тергеу комитеті.

Қаражат аталған террористік ұйымды қаржыландыруға жұмсалды. Осы уақыт ішінде әйел жарты миллионнан астам рубль аударуға үлгерді. Террористік топтарға көмектескен әйелді Санкт-Петербург ІІМ Бас басқармасы экстремизмге қарсы күрес орталығының қызметкерлері тергеушілермен бірге қамауға алды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *