Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

БАҚ: ҚАЖК қызметкерлерін сотталғандарды теологиялық оңалтуға үйрететін болады

НҰР-СҰЛТАН, 26 наурыз. Елімізде қылмыстық атқару жүйесі қызметкерлерін теологиялық оңалту жұмыстарын ұйымдастыру бойынша оқыту орталығы ашылмақ, деп ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап 24. Kz хабарлайды.

Осыған байланысты бүгін Ішкі істер министрлігі мен Орталық Азиядағы БҰҰ-ның есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы меморандумға қол қойды. Жаңа орталық Ішкі істер министрлігінің Қостанай академиясының базасында қызмет көрсетеді. Онда экстремистік және террористік бағытта қылмыс жасаған азаматтармен жұмыс жүргізу, қоғамда радикалдық идеологияға қарсы иммунитетті қалыптастыруға ерекше ден қойылмақ. Жоба алдымен пилоттық негізде ерлер мен әйелдерге арналған екі колонияда жүзеге асады.

«Бірінші күннен бастап оларға арнайы бағдарлама құрылады. Имамдарды, теологтарды шақырамыз, сұхбаттасу, бейнематериалды көрсетеміз. Қосымша оларға кітап береміз. Әрине, ол кітаптарды дін істері басқармалары сараптамадан өткізеді. Одан кейін ғана сотталғандарға береміз», — деді ҚР ІІМ ҚАЖ басқарма басшысы Бекболат Шәкіров.

Жоғарыда аталған құжат аясында социологиялық зерттеулер жүргізіледі, бағдарлама қатысушылары экстремистік және террористік сипаттағы қылмыстар үшін сотталғандар үшін тәуекелдерді бағалаудың қазіргі заманғы жүйесін әзірлейді.

Бағдарламаны Еуропалық Одақпен, БҰҰ Терроризмге қарсы орталығы, Қазақстан мен Тунистегі Нидерланд Корольдігінің Үкіметі қаржыландырылады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *