Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Қазіргі есірткілер. Ата-аналар нені білуі керек?

АЛМАТЫ, 30 наурыз. Алматыда есірткі бизнесіне қарсы қызметкерлер есірткіқұқық бұзышылықтың алдын алу үшін және есірткі қолданысын болдырмау үшін ата-аналарға арналған ескертпе дайындады, деп облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап Zakon.kz хабарлайды.

«Бұл ескертпелерді үнемі жаңартып отыру керек, өйткені есірткінің түрлері, оларды сату және пайдалану әдістері, симптомдары мен жанама әсері тез өзгереді. Мысалы, ұнтақ түріндегі шылым қоспалары жиі кездеседі. Мұндай есірткілер әртүрлі аталады және ағзаға әртүрлі әсер етеді, эйфориядан галлюцинацияға дейін. Шылымға кішкене мөлшерде ұнтақ қосып, темекіге араластырып, иіссіз «у» дайын.

Әдетте, бұл ұнтақ қоспаларын қолданылғанда иіс болмайды, сондықтан тұтынушыларды анықтауға қиын. Дегенмен, осындай заттар тұтынушыларын байқау қиын емес: көздің ағы қызыл немесе бұлдыр болады, үнемі аузы құрғап тұрады, дене қозғалысының нашар үйлестірілуі, ойлау қабілеті баяу, бірақ ең көзге түсетіні, олар бір қалытпа үндемей шамамен 30 минут бойы тұра алады.

Бүгінгі күні есірткінің көптеген жаңа түрлері бар, сондықтан ескертпенің жаңартылған нұсқасы құрылды, ол жерде азаматтар қаламыздағы есірткіге қатысты мәселе бойынша кез-келген уақытта хабарласып, жасырын түрде байланыса алатын телефондары бар», — Алматы қаласының Полиция департаменің есірткі бизнесімен күрес басқармасының подполковнигі Талғат Беркінбаев баяндады.

Есірткіге қарсы бөлімнің телефондары: 8-708-3000611; 254-40-41; 8-776-088-88-20 немесе 102. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бірыңғай сенім телефоны — 1402.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *