Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

БҰҰ терроризм туралы қарар қабылдады

НҰР-СҰЛТАН, 04 сәуір. БҰҰ Бас Ассамблеясында терроризмге және діни негіздегі барлық зорлық-зомбылық актілеріне қарсы күрес туралы қарар қабылданды, деп хабарлайды Islam Today.

Құжат авторлары қатарына Жаңа Зеландияның Крайстчерч қаласында болған терактіден кейін Түркия тарапының ұсынысымен 30-дан есе мемлекет енген.

Қарар құжатын Түркияның Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу таныстырып, бүгінгі әлем әділетсіздік, қысым мен теңсіздік атмосферасында өмір сүріп келе жатқанын атап кетті.

БҰҰ қарарында 2019 жылдың 15 наурызында Жаңа Зеландияның Крайстчерч қаласында мешітке баса-көктеп кіріп, мұсылмандарды жауыздықпен өлтірген террористік шабуыл аса қатаң айыпталған және оқиғада құрбан болған, жапа шеккен отбасылар мен туыстарына қайғыра көңіл айтылған. Сонымен қатар, барлық мемлекеттерге «нәсілшілдік, нәсілдік қысым, ксенофобияға негізделген қылмыстарға, террористік актілерге, зорлық-зомбылықтарға қарсы күресуге және бейбітшілік пен татулықты нығайту мәселесінде ғаламдық диалог құруға, халықаралық әріптестікті күшейтуге» үндеу жарияланды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *