Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Мемлекеттік шекарадан есірткі алып өтпек болған адам оны жұтып қойды

НҰР-СҰЛТАН, 04 сәуір. Түркістан облысында заң бұзушы жазадан құтылу мақсатында түйіншекк оралған есірткіні жұтып қойды, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сарыағаш шекара отрядының «Қапланбек-авто» бөлімшесінде «Кольт» атты есірткі іздеуге арнайы үйретілген иттің көмегімен жолаушылар терминалындағы жүргіншілер арасынан Өзбекстанға қарай жаяу өтіп бара жатқан 36 жастағы Қазақстан азаматы ұсталды.

Ит оның маңынан айналшықтап кетпей, екі аяғының ортасына (бұтына) қарай қайта-қайта ұмсына берді. Шекарашылар әлгі адамды тексеру бөлмесіне қарай апара берген кезде, ол жылдам қимылмен шалбарының ауынан түйіншек алып шығып, жұтып жіберді.

Ұсталған азамат аудандық полиция бөліміне тапсырылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *