Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Арнайы операция: Шымкентте ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды

ШЫМКЕНТ, 05 сәуір. Шымкентте жергілікті бизнесмендерден тұрақты түрде ірі ақша сомасын бопсалап келген ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды. Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлайды.

ҰҚК Шымкент қ. бойынша департаменті Ұлттық ұланның арнайы бөлімшесін қатыстырумен тұрақты түрде жергілікті бизнесмендерден ірі ақшалай қаражатты қорқытып алумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың 6 мүшесін ұстады.

Қылмыстық топтың мүшелері бірқатар зорлық-зомбылық, оның ішінде атыс қаруын қолданумен қылмыстар жасады деп күдіктелуде.

Ұйымдасқан қылмыстық топтың негізін бұрын ауыр қылмыстар жасағаны үшін бірнеше мәрте сотталған деструктивті діни ағымды ұстанушылар құраған.

Банда мүшелерін ұстау олардың кезекті кәсіпкерден күш қолданумен және оның өміріне қауіп төндірумен 10 000 АҚШ долларын қорқытып алу сәтінде жүзеге асырылды.

Бірқатар тінту жүргізіліп, ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінің қару-жарақ арсеналы бар жасырын орын анықталды,  5 бірлік атыс қаруы және оларға оқ-дәрілер алынды.

Қазіргі уақытта олардың діни себептер бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауының ықтимал фактілері тексерілуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *