Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Мешіттерде болған атыс үшін кек алғысы келген албан азаматы АҚШ-та ұсталды

НҰР-СҰЛТАН, 06 сәуір. АҚШ-та Жаңа Зеландиядағы мешіттерде болғанатыс үщін кек алғысы келип, шабуыл жасамақшы болған ер азамат тұтқындалды. Бұл туралы NBC News-ке сілтеме жасай отырып Лента.Ру хабарлайды.

Полицияның айтуынша, Албаниядан шыққан 21 жастағы Фабьян Аламети (Fabjan Alameti) есірткіге мас күйінде қаруды қолданғаны үшін, сондай-ақ терроризм туралы жалған айғақтар бергені үшін айыпталып отыр. Монтана штатындағы атыс алаңында ұсталды.

Алғаш рет билік ер азаматпен 2018 жылы әңгіме өткізді, содан кейінол әлеуметтік желілерде ИМ (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) қолдаған пікірлер жариялады. 2019 жылдың қаңтарында Аламети полиция информаторымен әңгімелесіп, ИМ тобының жағында соғысып, АҚШ территориясында шабуыл жасауды жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Мүмкін болатын мақсаттарының ішінде ол әскери нысандарды, үкіметтік ғимараттарды, гей клубты немесе синагогарны атады.

Кейінірек Аламети Нью-Йорктық Бронкс ауданынан Бозмен қаласына (Монтана) кетуге шешім қабылдады. Ол Нью-Йоркте нашар өмір сүріп жатқанын, отбасында қиындықтар туындағанын атап өтті. Қару-жарақ сатып алу оңай болған Монтанада оған жұмысқа тұру үшін сұхбаттасудан өтуге ұсынды.

Сол кезде, жігіт автобуспен жүріп келе жатқанда, Жаңа Зеландияда мешіттерде атыс болды. Осыдан кейін ол информаторға «төгілген қан үшін кек алу үшін кездейсоқ адамдарға шабуыл жасайтынын» айтты

Бозменде Аламети пневматикалық винтовканы қарап қойды. Шамамен сол уақытта, оны марихуана шеккені үшін қонақ үйден шығарып жіберді, ал 25 наурызда ішімдіктең жіті улануына байланысты ауруханаға жатқызылды. Ауруханадан кейін ер адам полицияға заттарын алу үшін барды, сол жерде одан жауап алынды. Ол шабуыл жасау туралы немесе ИМ-ті жағында күрес туралы сөздерің жоққа шығарды.

Дегенмен, 2 сәуірде, тағы бір информатор Аламетидің сөзін жазып алды. Ол марихуана сатып алған кезду, өлуге дайын болғанын және оны шығарып тастаған қонақ үйді атып тастағысы келетінін айтты. Ер адам қаруын қолға алған кезде атыс алаңында ұстап алды.

Жаңа Зеландияның Крайстчерч қаласындағы екі мешітке шабуыл 15 наурызда жасалған, 50 адам өлтірілген, 40-тан астам адам жарақат алған. Бірнеше күдіктілер ұсталды, бірақ Австралиялық Брентон Таррант қана айыпталды. Ол болған оқиғаны интернетте таратып, қайғылы оқиғадан бір күн бұрын 37 беттік «Ұлы алмастыру» манифестін жариялады. Кейінірек, ол шабуылдарға оны Еуропадағы теракттілер шабыттандырғанын айтты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *